⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел дамуының кепілі

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Ел дамуының кепілі
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Бүгінде еліміз көлемінде жаңа Конституция жобасы ұсынылып, алда өтетін республикалық референдумда оны қабылдау міндеті тұр. Мемлекетіміз үшін бұл – жай ғана құқықтық өзгеріс емес, болашақ даму барысын айқындайтын тарихи кезең.

    Жаңа заң жобасында әлеуметтік әділеттілік, адам құқықтарын қорғау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, сот тәуелсіздігін арттыру сияқты өзекті мәселелер қамтылған. Сонымен қатар қоғам сұранысына сай ашықтық, есеп берушілік және азаматтардың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту де басты назарға алынып отыр. Мұндай ауқымды істер ел болашағына тікелей әсер ететіндіктен, әрбір азаматтың пікірі маңызды. Жаңа заң жобасын талқылауға Райымбек ауданының тұрғындары да айрықша ден қоюда. Өңірдегі түрлі сала өкілдері, сарапшылар мен қарапайым азаматтар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салуда.

    Бағила Ырғынбаева, Көмірші орта мектебінің директоры:

    – Жаңа Ата Заң жобасы – білім беру жүйесін жетілдіруге, сапасын арттыруға және заманауи талаптарға бейімдеуге бағытталған маңызды құжат деп есептеймін. Қазіргі таңда білім беру саласы қарқынды өзгерістер кезеңінде тұр. Сондықтан заңнамалық тұрғыда қолдау көрсету – уақыт талабы.

    Заң жобасында мұғалімдердің мәртебесін арттыру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу бағдарламаларын жаңарту және цифрландыруды дамыту мәселелеріне басымдық берілуі – өте орынды. Бұл – білім сапасының артуына және мектеп жұмысының тиімді ұйымдастырылуына оңтайлы әсер етеді. Сонымен қатар, заң жобасының табысты жүзеге асуы үшін мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, педагог кадрларының біліктілігін арттыру курстарын жүйелі түрде өткізу және ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты азайту маңызды деп санаймын. Осыған орайда мектептерге берілетін қаржыландыру көлемін нақты қажеттілікке сай қайта қарастыру, педагогтардың кәсіби дамуына арналған тегін және сапалы курстар санын көбейту, заң жобасын іске асыру барысында мектеп басшыларының, ұстаздардың пікірін тұрақты түрде ескеріп отыруға да мән берілуі керек деп ойлаймын.

    Жаңа заң жобасы білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруге кеңінен жол ашатынына сенімдімін. Ең бастысы – оны кезең-кезеңімен, мұқият жоспарлап барып жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болатыны анық.

    Ернат Бектұрсынұлы, аудандық аурухана директорының медицина бөлімі бойынша орынбасары:

    – Қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі болып отыр. Осы орайда ұсынылып отырған жаңа заң жобасы денсаулық сақтау саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды құжат деп санаймын.

    Жаңа заң жобасы халыққа медициналық көмекті ұйымдастыру тетіктерін жетілдіруге, медициналық қызмет сапасын арттыруға, емделушілердің құқықтарын қорғауға және медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар құжатта цифрлық денсаулық сақтау жүйесін дамыту, ақпараттық жүйелерді интеграциялау және медициналық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінуі – бүгінгі күн талабына толықтай сай келеді.

    Аудандық деңгейдегі медициналық ұйым тұрғысынан алғанда, заң жобасы алғашқы медициналық-санитариялық көмекті күшейтуге, профилактикалық шараларды кеңейтуге және ауылдық жерлердегі медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде халық денсаулығы көрсеткіштерін жақсартуға және аурудың алдың алуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда заң жобасының негізгі бағыттары денсаулық сақтау саласының стратегиялық даму мақсаттарымен үйлеседі және қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді деп есептеймін.

    Елжан Бестібаев, Сүмбе ауылдық округіндегі «Ақ бұлақ» шаруа қожалығының төрағасы:

    – Ұсынылып отырған жаңа заң жобасы ауыл шаруашылығын заманауи талаптарға сай бейімдеуге, шаруалардың құқықтары қорғалуын күшейтуге, субсидиялау мен қаржыландыру тетіктерін ашық әрі әділ етуге бағытталған. Шаруа қожалықтары үшін ең маңыздысы – заңның ауылдағы нақты еңбек адамына қызмет етуі. Жермен жұмыс істеп, төрт түлігін бағып, ел ырысын еселеп отырған шаруаның еңбегі лайықты бағалануы тиіс.

    Бүгінде шаруа қожалықтарының алдында инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, техника паркін жаңарту қажеттілігі, өнімді өткізу нарықтарының шектеулілігі, тарихи-климаттық тәуекелдер сияқты бірқатар өзекті мәселелер бар. Жаңа заң жобасы осы түйткілдерді жүйелі түрде шешуге жол ашады деген ойдамын. Әсіресе, кооперацияны дамыту, шағын және орта шаруашылықтарды біріктіру арқылы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – уақыт талабы.

    Бізге тек шикізат өндіруші емес, өңдеуші, экспортқа бағытталған қуатты аграрлық мемлекет болу қажет. Бұл бағытта мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары заңнамалық тұрғыда нақты бекітіліп, ұзақ мерзімді тұрақтылыққа ие болуы тиіс. Заңның басты артықшылығы да – оның жүйелілігінде, ашықтығында және шаруалардың мүддесін бірінші орынға қоюында. Сонымен қатар, бұл заң ауыл жастарына үлкен мүмкіндік береді. Ауылда кәсіп бастаймын деген жасқа қолжетімді несие, жер, білім мен технология ұсынылса, ауылдан көшу азайып, ауыл дамудың жаңа орталығына айналады. Біз жастарды ауылда қалдыру үшін жағдай жасауымыз керек. Заң жобасы осы мақсатқа да қызмет етер болса, құба-құп.

    Иә, жаңа Конституция жобасы төңірегіндегі пікір алмасу ел болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың жеке дара ұстанымын танытатын мүмкіндік. Ашық диалог пен саналы талқылау ғана шынайы халықтық құжаттың қабылдануына жол ашады. Сондықтан әрбір ұсыныс пен сын-ескертпе ескерусіз қалмауы тиіс. Өйткені, Конституция биліктің ғана емес, бүкіл халықтың келісімінің көрінісі, ел дамуының кепілі. Қоғамдық талқылауға белсенді қатысу арқылы біз құқықтық мемлекет құру жолындағы жауапкершілігімізді айқындай аламыз. Республика азаматтарының алдында тұрған бүгінгі таңдағы мақсат та, міндет те осы.

    Жұмабек Тұрдиев,                                                  Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    Рұқсат етілмеген орында сауда жасағандарға айыппұл салынды

    2 years ago
    Алматы облысында Крещение Господне діни мейрамына 21 шомылатын орын дайындалуда

    Алматы облысында Крещение Господне діни мейрамына 21 шомылатын орын дайындалуда

    1 month ago
    “Балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім”

    ОСК: Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс берді

    3 years ago
    Жаңалықта «жерленген» тарих

    Жаңалықта «жерленген» тарих

    9 months ago
    Ұлттық ұлан – ел айбыны: Панфилов ауылының оқушылары 6654 әскери бөліміне саяхат жасады

    Ұлттық ұлан – ел айбыны: Панфилов ауылының оқушылары 6654 әскери бөліміне саяхат жасады

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>