⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аида Балаева: Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітілді

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Аида Балаева: Адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде бекітілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласының Мәдениет үйінде жаңа Конституция жобасы мен 15 наурызға жоспарланған республикалық референдумға арналған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Жиынға Мәжіліс депутаттары Мақсат Толықбай, Жанарбек Әшімжанов, Сергей Пономарев және қоғамдық институттар, әлеуметтік қолдау саласының өкілдері, білім беру саласының мамандары, жастар ұйымдары мен өңір белсенділері қатысты.

    Отырыс барысында Аида Балаева ұсынылған жаңа Конституция жобасының басты өзегі – азаматтардың мүддесін қорғау және елдің ұзақмерзімді тұрақты дамуы екенін атап өтті. Құжатта мемлекеттің бағыты, қоғамның қандай құндылықтарға сүйеніп дамитыны және билік пен халық арасындағы қатынастың жаңа деңгейі айқын көрініс тапқан.

    «Ең алдымен, Жаңа Конституцияның Преамбуласына тоқталғым келеді. Онда адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленіп отыр. Бұл – мемлекеттік саясаттың философиясын түбегейлі өзгертетін қағидат. Яғни мемлекет енді азамат үшін, азаматтың қадір-қасиеті үшін қызмет етуі тиіс деген ұстаным заңның өзегіне айналып отыр. Сонымен қатар бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген. Алматы облысы секілді көпэтносты, көпконфессиялы өңір үшін бұл нормалардың маңызы айрықша», – деді ол.

    Жобаны дайындау барысы мен негізгі институционалдық өзгерістер туралы толық ақпаратты Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев баяндады. Оның айтуынша, жұмыс кезең-кезеңімен және ашық форматта жүргізілді, ал ұсынылған түзетулер жүйенің тиімділігі мен саяси жауапкершілікті арттыруға бағытталады.

    «Уақыт өзгеріп жатыр, сондықтан жаңа Конституция да қажет болды. Жұмыс өткен жылдың қыркүйегінде басталып кетті. Бұл процесс «асығыс әрі жабық түрде өтті» деу шындыққа жанаспайды. Қарашадан бастап парламенттік комиссия жұмыс істеді, кейін конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 12 отырысы өтті. Жалпы 130 адам – белгілі заңгер-ғалымдар, депутаттар, фракция жетекшілері мен сарапшылар қатысты. Барлығы ашық түрде өтті», – деді депутат.

    Ата заңды жаңартуда адами капитал мен жастар саясатының маңызын Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай айқындап берді. Ол Конституция азаматтардың өмір сапасына тікелей әсер ететінін және заман талабына сай болуы тиіс екенін айтты.

    «Конституция – әрқайсымыздың өмірімізге тікелей ықпал ететін басты құжат. Маңызды мәселелерді халық референдум арқылы шешуі қажет. 1995 жылғы Конституциядағы кейбір нормалар бүгінгі талаптарға сай емес. Білім, ғылым және инновациялар Преамбулада негізгі құндылық ретінде белгіленуі бекер емес. Бізге жастардың интеллектуалдық әлеуетін ашу маңызды», – деді Мақсат Толықбай.

    Кездесу барысында Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов сөз сөйлеп, жобаны мұқият зерделеу қажеттігін атап өтті. «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы Жұлдызай Ысқақова жаңа құжаттағы отбасы құндылықтарына тоқталды. «Қазақстан халқына» ҚҚ төрағасы Ләззат Шыңғысбаева құжаттың әлеуметтік бағытын сөз етті. Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілепов білім мен ғылымның рөліне ерекше назар аударды.

    Кездесу соңында қатысушылар республикалық референдумға белсенді қатысу – елді жаңғырту мен интеллектуалдық әлеуетті нығайтудың маңызды қадамы екенін атап өтті.

    Ұсынымдар

    Ұзамай бәрі өз қалыбына  түседі деп үміттенеміз

    Алматы облысы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру жайы талқыланды

    3 years ago
    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    2 years ago
    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    Жетісуда сән-салтанатпен өткен Наурыз тойы

    11 months ago
    Өндіріс барысымен танысты

    Өндіріс барысымен танысты

    7 months ago
    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>