⛅
24°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дамудың даңғыл жолы

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Дамудың даңғыл жолы
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Жаңа Конституция жобасына байланысты Жамбыл ауданының тұрғындары да көптеп өз ойларын білдіруде. Біз пікірін сұрағандардың арасында жергілікті басқару органының өкілімен қатар мекеме басшысы, қарапайым азаматтар бар. Олар негізінен алғанда Ата Заңның жаңа нұсқасын қолдайды.

    – Жаңа Конституция жобасы саяси жүйені қоғамның жаңа сұранысына сай түбегейлі қайта жаңғыртады. Бұл биліктің барлық тармағының тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді. Халықтың мұң-мұқтажы, талап-тілегі мен үміт-сенімі ұштасқан тарихи құжатта ең алдымен адамға басымдық беріліп, мемлекеттің басты байлығы жер қойнауындағы ресурстар емес, білімді жас ұрпақ екені айқындалды. Сондықтан бұл – Президент қолға алған ауқымды өзгерістердің алтын арқауы болмақ. Біз келер ұрпаққа әр азамат мақтан тұтатын, өркендеген, әділетті Қазақстанды қалдыруымыз керек. Бәрімізді біріктіретін осы асқақ арман болуы керек. Осы арманға, яғни болашақта азаматтары білімді, ғылымды меңгерген, инновацияға арқа сүйеген, технологиясы дамыған елдердің қатарынан орын алатын  Қазақстанды құруға бәріміз бірге атсалысайық дегім келеді. Мемлекеттің жаңарған басты құжаты елдің өркендеуіне жаңа серпін беретін Конституция боларына сенемін, – дейді Жамбыл аудандық мәслихатының депутаты, мектеп директоры Сәуле Кеңесқызы.

    Ал Сарыбастау ауылының тұрғыны, жасы сексенді алқымдаған ауыл ақсақалы Тұрсынбай Білдебаев:  «Референдумды өткінші саяси науқан деп қарамауымыз керек. Оны халықтың өз тағдырын өз қолына алуына берілген мүмкіндік деп түсінген жөн. Конституцияның жаңа жобасын мұқият оқып шықтым. Ондағы биліктің халыққа жақын болуы, жер мен оның қойнауының иесі халық екендігі туралы тармақтар көңілге қуаныш ұялатады. Біз, ақсақалдар қауымы, әділдіктің орнағанын, мемлекет пен бұқара арасындағы сенімнің нығайғанын қалаймыз. Конституциялық өзгерістерді ел ертеңіне жасалған нық қадам деп білемін және оған бей-жай қарауға болмайтынын баса айтқым келеді».

    – Қазір бізді жастар тәрбиесі мәселесі қатты толғандырады, – деп ойын одан әрі сабақтады ол. – Ұрпақ тәрбиесін – бүкіл ұлттың қауіпсіздігі деп түсінуіміз керек. Осы орайда технология жылдам дамып, заман өзгеріп жатқан тұста ұлттық құндылықтарымызды шаң басып қалмауы керектігін баса айтқым келеді. Тіл — ұлттың жаны дейміз. Егер ұрпағымыз өз ана тілінде сөйлемесе, ешқандай заң бізді ұлт ретінде сақтап қала алмайды. Бұл тұрғыдан алғанда салт-дәстүр ұлттың қорғаны. Оны тілден бөліп қарастыруға болмайды. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, ағайынның арасының бүтіндігі сияқты ата-бабадан жалғасып келе жатқан жақсы дәстүр біздің темірқазығымыз. Одан адасып қалмау аса маңызды. Ол үшін ұрпақтар сабақтастығын үзіп алмауымыз қажет. Қазіргі жастардың білімді болғанына қуанамыз, әрине. Бірақ білімге қоса жүректе иман, бойда ұлттық рух болуы тиіс. Турасын айтқанда, біздің елдің жастары білімді болумен қатар ұлттық құндылықтарымызды қастерлейтін азамат болып қалыптасуға міндетті дер едім. Сондықтан Ата Заңда ұлттық құндылықтарымыз айшықты көрініс табуы тиіс. Өйткені ұлттық құндылықтарды бойына сіңірмеген, отаншылдық, патриоттық сезімнен жұрдай азаматтарды да көріп жүрміз. Замандар өтіп, сан ұрпақ алмасқанымен алдымызда темірқазықтай жарқырап жол көрсетіп тұратын бағытымыз – мемлекет құраушы ұлттың асыл құндылықтары болмақ, – дейді ақсақал.

    Үмбетәлі Кәрібаев музейінің меңгерушісі Аида Ысқақованың пікірі де осыған саяды. Ол Ата Заңның мәтіні көпшілікке ұғынықты әрі қазақи рең беріп дайындалғанын айтады. Бастысы – заң алдында барлық адамның теңдігі, жауапкершілігі нақты жазылған. Жаңадан құрылатын Парламенттің атауы жаңаша нұсқада «Құрылтай» деп аталатыны да қазақилыққа жақын. Әрі өткен тарихымызға терең бойлап, ата-бабадан қалған рухани мұраны да жас ұрпаққа дәріптеу, ұлы даланың ұлағатын кейінгі жастарға жеткізу де көңілінен шыққан. Сол сияқты отбасылық құндылықтарға, мәдениет пен өнерге ерекше тоқталып, арнайы баптар көзделгенін атап өтті. Алайда Конституцияда еліміздің мемлекеттік тілі туралы бап қарапайым халықтың көңілінен шықпай жатқанын жасырмады.

    «Бұған өзімнің жеке пікірімді білдіретін болсам, мемлекеттік тіл қазақ тілі болып қалғаны дұрыс, әрине. Бірақ орыс тіліне мемлекеттік тілмен қатар мәртебе берудің қажеттілігі жоқ деп есептеймін. Мәселен ресми іс қағаздарын екі тілде қатар дайындау екі есе шығынға алып келеді. Меніңше, орыс тілін тек қана қажет болған жағдайда ғана қолданса, соның өзі жеткілікті. Өйткені ол онсыз да көп қолданылатын тіл. Оны қызғыштай қорғайтындай жойылып кету қаупі төніп тұрған жоқ. Ал жалпы алғанда ең негізгісі – жаңа Конституция еліміздің өркендеп өсуіне үлес қосып, қазақ ұлтын алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер деңгейіне жеткізеді деген сенімдемін», дейді музей меңгерушісі.

    Пікір білдіргендердің жеке көзқарастары да әртүрлі. Алайда оны келіспейтін тұстар деуге келмейді, анығы – осылай болса екен деген  ұсыныс. Бұл қалыпты жағдай. Өйткені заң жобасын талқылауда қарама-қайшы пікірлердің де болуы заңдылық. Ең бастысы – жамбылдықтар мемлекеттің жаңа Ата Заңы қазақ елінің дамуына даңғыл жол ашады деп сенеді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Жамбылдағы жарқын күн
    01.05.2026
    Бірлікті берік ту еткен
    01.05.2026
    Алатау қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні жоғары деңгейде аталып өтті
    01.05.2026
    Тұрақтылық – татулық тұғыры
    01.05.2026
    Мереке аясында велошеру өтті
    01.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>