⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституция ­партия рөлін күшейтеді

    24.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Конституция ­партия рөлін күшейтеді
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Америка демократиясы аталарының бірі Томас Джефферсон бостандықтың бағасы мәңгілік сақтықта жатқанын атап өткен екен. Осы жолы жұртшылықтың реформаларды белсенді түрде талқылап жатқаны қоғамдық сананың бейтараптықтан сәл ығысып, азаматтардың мемлекетшілдіктегі өз орнын ұғынып жатқандай әсер қалдырады. Түптеп келгенде, Конституция деген шынымен қатып қалған догматикалық мәтін емес, заманға сай өзгеретін, азаматтар мен басқару тетіктерінің арасындағы келісімшарт болса керек.

    Осыған сәйкес көпшілік таңдаған басқарушыларға, яғни менеджерлерге халықтың мүддесін қолдағы бар ресурстарды ең тиімді жолмен пайдаланып, елдің дамуын, қауіпсіздігін, әділеттілігін қамтамасыз етуі – басты міндет болса керек. Осы орайда Дродж Вашингтонның «Конституция халықты билеу үшін емес, халықтың билігін қамтамасыз ету үшін жазылған құжат», – деген тұжырымы еске түсіп отыр. Сондықтан бұл мәселе бойынша азамат ретінде пікір қалдыруға әркімнің таласы бар деп ойлаймын.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып кеткендей, халық арасында пессимизм етек жайғаны рас. Арамызда саналы түрде нигилизм бағытын таңдағандар қатары көбейіп келеді. Пікір білдіргеннен заң өзгеріп, оны қолдану тәжірибесі өзгермейді деген ойлар мазалайды кейбірімізді. Бірақ бәрінің жеке басына қатысты және толыққанды ел тағдырын анықтайтын бұл демократиялық процеске үлес қосу ұлт жанашырымын дегендердің түгеліне ортақ болса керек.

    Преамбула тікелей құқықтар мен міндеттер туындатпайды, бірақ ол мемлекеттің рухын, идеологиялық бағытын және өзіндік концептуалдық негізін айқындап береді. Жаңа жобада қоғамдағы ұлттық бірегейлікке деген сұранысы анық байқалады. Бұрынғы Конституцияда басты біріктіруші фактор ретінде ортақ тарихи тағдыр көрсетілсе, жаңа мәтінде «байырғы қазақ жері» деген ұғым арқылы қазақ халқының титулдық рөлі мен оның мемлекет құрушы мәртебесі нақтырақ көрсетілген. Бұл – территория мен этникалық өзегінің арасындағы байланысты Конституциялық деңгейде қуаттандыру.

    «Әділетті  Қазақстан» идеологемасының енгізілуі де кездейсоқ емес. Егер ол Конституция мәтініне енетін болса, онда оның авторы ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси доктринасы конституциялық қағида деңгейіне көтеріледі. Сонымен бірге «Заң және тәртіп» бағыты Президенттің құқық үстемдігі мен қатаң құқықтық тәртіпке бейім саяси философиясымен үндеседі, бұл – құқықтық позитивизмге немесе саяси легизмге жақын ұстаным.

    Жаңа преамбулада экология, білім, ғылым және инновациялар сияқты категориялардың пайда болуы – заман талаптарын дәл бейнелейтін, болашақ бағдарын айқындайтын оң құбылыс. Бұл Қазақстанның қандай құндылықтарға сүйеніп, қандай стратегиялық траекторияға бағыт алғанын көрсететін айқын көрсеткіш.

    Унитарлы мемлекетке екі палаталы Парламент керек еместігі жайлы тақырып заңгерлердің арасында бұрыннан бері талқыланып жүрген. Осы орайда Сенатсыз Парламент реформасы, қарап тұрсаң, Президенттің өкілеттігін қысқартады. Яғни өзі тағайындайтын Сенаттың 15 депутатынан айырылады. Ұсынылған өзгерістер  Құрылтайдың 145 депутатын халық сайлайтын жүйе қалыптастырады. Енді барлық 145 депутатты азаматтар өздері сайлайтындықтан, бұл өзгеріс парламенттің өкілдік дәрежесін күшейтіп, партиялар арасындағы саяси бәсекені арттырады деп күтіледі. Бірақ аймақтардан сайланатындар да болмайды, тек партия тізімдерімен өтеді. Саяси плюрализм қалыптаспаған елде мұндай қалып түбегейлі өзгерістер тудыруы екіталай. Әйтсе де, реформалар жүргізуде шешім қабылдау тетіктерін жеделдетудің бәрі пайдалы болмақ деген пікір бар.

    Партиялардың рөлін күшейту қажеттігі айқын. Жеке тұлғалардың арына сүйенгеніміз өз алдына, енді саясатты институцияландыру бағыты аса уақытылы шешім. Яғни жүйелі ұстанымы бар, моральдік талаптары жоғары және қалыптасқан мамандарды іріктеп өткізетін партиялар қажет. Бұл өзгеріс Парламенттің өкілдік дәрежесін күшейтіп, партиялар арасындағы саяси бәсекені арттырады деп күтіледі.

    Осы жолы құрамын емес, нысанын сынаушылар да бар. Кезінде қылмыс ретінде танылып, қаншама қара нардай арыс тұлғаларымызды насихаттау жолында құрбан болған пантюркизм мұрасы бүгін жиі кездесетін тақырып. Солардың арасында атауға  символизммен қарау да бар. Яғни тәуелсіз түркітілдес елдердің Парламенттері көбіне «Мәжіліс» деп аталса, Құрылтай деген Татарстан, Башқұртсан, Қырым татарлары арасында қолданылып келеді. Ақпараттық кеңістіктің қарапайым адам үшін шамадан тыс жүктеліп жатқанын ескерсек, бұндай қарапайым және эмоция шақыратын тұжырымдамалар қалай болар екен?

    Жалпы Құрылтай құрып, оған бұрыңғы Парламентке қарағанда көбірек өкілеттілік бекітетін нормалардың нәтижелілігі енді партиялардың мінезі, саяси мәдениеті мен халық алдындағы жауапкершілігін ұғынуында жатыр. Дегенмен бәрін де уақыт көрсетер…

    Қуат Қайранбаев,

    Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,

    «Құрмет» орденінің, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

    Ұсынымдар

    Талғат Байеділов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі: Тарихи өлкенің тынысы кең

    Талғат Байеділов, Еңбекшіқазақ ауданының әкімі: Тарихи өлкенің тынысы кең

    3 months ago
    БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ КҮШЕЙЕДІ

    БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ КҮШЕЙЕДІ

    3 weeks ago
    Облыс әкімі ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

    Облыс әкімі ардагерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

    10 months ago
    ҚАН ҚҰЮ ДІНГЕ ҚАЙШЫ МА?

    ҚАН ҚҰЮ ДІНГЕ ҚАЙШЫ МА?

    3 months ago
    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    Жұмыссыз азаматтарға медициналық көмек көрсетуге 1,2 млрд теңге бөлінеді

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>