⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдумға белсенді қатысуға шақырды

    24.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Референдумға белсенді қатысуға шақырды
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының Жамбыл ауданындағы мүшелері Ұзынағаш ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынды «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалы жанындағы мәдениетті қорғау жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы, жергілікті қоғамдық кеңес мүшесі Тәңірберген Қасымберкебаев жүргізді.

    Аталған жалпыұлттық коалицияның аудандағы белсенділері 2026 жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Бұл орайда алғашқы сөзді алған білім қызметкерлері кәсіподағы комитетінің төрағасы Сәния Бижұменова Ата Заңның жаңа жобасының барлық бөлімдеріне жеке-жеке тоқталып, мемлекетті нығайтуға, халықтың мүддесін қорғауға бағытталған тармақтардың мәні мен маңызын тарқатты. Ал облыстық мәслихат депутаты Меруерт Молдашева елдің басты құжатының жобасында адам құқықтары мен бостандықтарына баса мән берілгеніне тереңірек үңілді. Меруерт Сағындыққызы қоғам белсендісі болуымен қатар өзі ана, кәсіпкер ретінде де мемлекеттің саяси жүйесінің реформалануына бейжай қарай алмайтынын білдіріп, оны дұрыс түсіну үшін көпшілікке Ата Заң жобасын мұқият оқып шығуға кеңес берді. Медицина саласының ардагері, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Доғдыркүл Молдахалықова Конституция жобасының халықтың денсаулығын сақтауға қатысты тұстарына тоқталып, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру төңірегіндегі өзгерістерді түсіндірді. Аудандық мәслихат депутаттары Дәурен Тойбаев пен Айдын Жүнісов те Конституция жобасы туралы ойларын ортаға салды. Жиын модераторы Тәңірберген Қасымақынұлы 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституция мен жаңадан дайындалған нұсқасының арасындағы айырмашылықтарды салыстырды.

    Коалиция мүшелері Ұзынағаш ауылының тұрғындарын жалпыхалықтық референдумға белсенді қатысуға шақырды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Азияны мойындатты

    Азияны мойындатты

    2 years ago
    Ілгерілеу кепілі

    Ілгерілеу кепілі

    3 months ago
    Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

    Алматы облысында мыңнан астам адам қызылша жұқтырған

    2 years ago
    Жүйелі жұмыс жалғасады

    Жүйелі жұмыс жалғасады

    6 months ago
    Алматы іргесіндегі ықшамаудан тұрғындары ауыз су тапшылығына шағымданды

    Алматы іргесіндегі ықшамаудан тұрғындары ауыз су тапшылығына шағымданды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>