⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Алыс ауылдарды аралады

    24.02.2026
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алыс ауылдарды аралады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Жамбыл ауданының жер көлемі үлкен, елдімекендердің көбі бір-бірінен алыс орналасқан. Елдің шетінде, желдің өтінде отырған жұрттың жайы алдымен ойлантса керек, аудан әкімі Нұрлан Ертас халыққа жыл басындағы дәстүрлі есеп беруін шалғай ауылдардан бастады.

    Алғашқы күндері қиыр қонып, шет жайлаған Күрті өңіріндегі Бозой, Айдарлы, Сарытауқұм ауылдық округтеріне сапарлады. Аудан орталығынан 130-150 шақырымдағы Бозой, Айдарлы, Ащысу, Қаншеңгел елдімекен тұрғындарымен кездесуге әкіммен бірге орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, электр, су, байланыс сияқты өзге де қызметтердің жетекшілері барды. «Алматы – Астана» күрежолы тұсындағы жартылай шөлейтті аймақ тұрғындары негізінен мал және қауын-қарбыз өсіреді. Нұрлан Ертасұлы былтырғы жұмысты қорытындылап,  ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысын, алдағы жоспарларды таныстырды. Аграрлы ауданда жыл өткен сайын мал басының өсуі, одан алынатын өнім түрлерінің көлемі мен сапасының артуы нақты мәліметтермен тарқатылды. Малдан түсетін табысты еселеу үшін өңдеу өнеркәсібі қажеттігі сөз етілді.

    Жиында халыққа қызмет көрсету, әлеуметтік қолдау, білім және денсаулық сақтау салаларындағы оң өзгерістермен қоса аудан өмірінің барлық қыры толық қамтылды. Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы сараланып, кейбір бағыт бойынша кемшіліктер де ашық айтылды. Тұрғындар тарапынан су, табиғи газ, жол, жарық, әлеуметтік нысандар құрылысына қатысты сұрақтар қойылды. Мәселен, Сарытауқұм ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Сайын Байымбетов егістікке су жеткізу, балалар ойын алаңы мен спорт алаңын салу және шағын орталық ашу қажеттігін айтты.

    Кездесуде Мемлекет басшысының саяси жаңғыру, Конституциялық реформалар және әділетті қоғам құру бағытындағы бастамаларына ерекше назар аударылды. Аудан әкімі Конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызын, референдумға қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізіліп жатқанын, әрбір азамат өзгерістің мәнін түсініп, белсенділік танытуы қажеттігін жеткізді.

    Әкім сонау Балқаш көлі жағасында, аудан орталығы  Ұзынағаштан 350 шақырымдай қашықта жатқан Үлкен ауылының халқымен де кездесті. Ондағы балық шаруашылығын басты кәсіп еткендер де атқарылған іске  қанығып, шара барысында  өзекті мәселелері мен ұсыныстарын білдірді. Тұрғындар тарапынан көтерілген сұрақтар назарға алынып, орындалуы бойынша нақты тапсырма берілді. Үлкен ауылында инфрақұрылымды жақсарту мақсатындағы жұмыстар оң нәтиже беруде. 2025 жылы ауылішілік жолдар жөнделіп, бірнеше көше жаңартылды. Ауылдық амбулатория құрылысы қарқынды жүріп, қазір аяқталуға жақын. Бұл – өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды жобалардың бірі.

    Халыққа есеп беру кездесулері үш аптаға созылып, 24 ауылдық округтің әкімшілік орталықтарында тұрғындармен жиындар өтуде. Жалпы Жамбыл ауданында үлкенді-кішілі 61 елдімекен бар. Аудан басшысы тұрақты кездесулерінде тұрғындармен ашық тілдесті. Жинақталған халықтың сұраныстары мен ұсыныстарының орындалуын үнемі назарында ұстайды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Бокстан республикалық турнир жалауын көтерді

    Бокстан республикалық турнир жалауын көтерді

    3 months ago
    Жолдау жақсылыққа бастайды

    Жолдау жақсылыққа бастайды

    6 months ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Мемлекет ЖОО студенттері үшін стипендияларды ұлғайту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастыруда

    1 year ago
    Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды

    Алматы облысында тұқымдарды бақылаудың пилоттық цифрлық жүйесі іске қосылды

    5 months ago
    Жаңа автобус паркі қызметін бастады

    Алматы облысында тағы бір бағытта қоғамдық көлік жүре бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>