⛅
-3°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Жаңа Конституция жобасы: желідегі жалған мәлімдемелерге фактчекинг

    25.02.2026
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа Конституция жобасы: желідегі жалған мәлімдемелерге фактчекинг
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы төңірегіндегі ең көп таралған фейктер мен манипуляцияларға шолу дайындады. Біз желіде тараған жалған мәлімдемелерді жобаның ресми мәтінімен және мемлекеттік органдардың түсіндірмелерімен салыстырдық.

    1-бөлім

    1. «Конституция Президенттің өкілеттіктерін күшейтеді»

    Бұл құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді.

    Жоба тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін бекітеді. Негізгі кадрлық шешімдер – Вице-президентті, Премьер-министрді, Конституциялық Сот судьяларын, Орталық сайлау комиссиясы мен Жоғары аудиторлық палата мүшелерін тағайындау – Құрылтайдың келісімімен жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар, Президенттің қайта сайлану құқығынсыз бір реттік жеті жылдық өкілеттік мерзімі сақталады.

    Мұндай құрылым «суперпрезиденттік» модельге емес, президенттік республикаға тән.

    Қорытынды: Фейк

    2. «Шетелдіктерге жер сатуға қойылған тыйым алынып тасталады»

    Жоба мәтінінде шетел азаматтарына жер сатуға рұқсат беретін нормалар жоқ. (https://t.me/AntiFakeCenter/123)

    8-баптың 3-тармағында:

    «Жер және оның қойнауы, сулар, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Халық атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады. Жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін» деп бекітілген.

    Қорытынды: Фейк

    3. «Тегін медицина жойылады»

    Жоба медициналық көмектің өтеусіз сипатын сақтайды.

    32-баптың 2-тармағына сәйкес:

    «Қазақстан Республикасының азаматтары заңда белгіленген, өздері төлемейтін медициналық көмекті алуға құқылы».

    Бұл жерде мәселе тегін медицинаны жоюда емес, аталған құқықты іске асыру тетігін заңнамалық тұрғыдан нақтылауда болып отыр.

    Қорытынды: Манипуляция

    4. «Тегін білім беру жойылады»

    Бұл да жоба мәтініне сәйкес келмейді.

    Шын мәнінде, мемлекеттік оқу орындарында орта білім берудің өтеусіз сипатына Конституция кепілдік береді. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы бекітіледі (33-бап).

    Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның 9-отырысында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева:

    «Ешкім медициналық көмек пен білім алу құқығынан айырылмайды… «Тегін» деген ұғым құқықтық тұрғыдан нақтырақ «азаматтар ақы төлемей, заңда белгіленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы» деген тұжырымдамамен алмасты», – деп атап өтті. (https://youtu.be/rxKK5QKt8So?t=621)

    Қорытынды: Манипуляция

    5. «Жыл сайынғы ақылы демалыстар жойылады»

    Бұл – қате пайым.

    Конституция жобасының 27-бабы демалу құқығына кепілдік береді. Ал жыл сайынғы ақылы демалыстың нақты ұзақтығы мен шарттары Еңбек кодексімен айқындалады. (https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1166322?lang=kk)

    Конституциялық норма принципті бекітеді, ал егжей-тегжейі салалық заңнамамен реттеледі.

    Қорытынды: Манипуляция

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік қызметке орналасуда қандай өзгерістер енгізілді?

    Мемлекеттік қызметке орналасуда қандай өзгерістер енгізілді?

    3 years ago
    Еліміздегі тұрмыстық техника өндіретін алғашқы зауыт Алматы облысында жұмыс істейді

    Еліміздегі тұрмыстық техника өндіретін алғашқы зауыт Алматы облысында жұмыс істейді

    8 months ago
    Алматы облысында әлеуметтік орталыққа бизнес пен биліктің бірлескен қолдауымен 20 млн тг бөлінді

    Алматы облысында әлеуметтік орталыққа бизнес пен биліктің бірлескен қолдауымен 20 млн тг бөлінді

    2 months ago
    Тал егу – игі іс

    Тал егу – игі іс

    1 year ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық олимпиадалық даярлық базасын аралады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>