⛅
-5°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа заң жобасын түсіндірді

    25.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Жаңа заң жобасын түсіндірді
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алғабас, Жалағаш ауылдарының Мәдениет үйлерінде жаңа Конституция жобасын түсіндіру мақсатында тұрғындармен кездесу өтті. Шараға «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Жанарбек Әшімжан, Нұргүл Тау, «Respublica» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Дүйсекенов, «Кеген ауданы әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының төрағасы Олжас Тақабаев және ауыл тұрғындары қатысты.

    Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Қатысушылар жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту және заң үстемдігін күшейту мәселелеріне тоқталды. Жиынды ашқан «AMANAT» партиясы Кеген аудандық филиалының төрағасы Олжас Тақабаев жаңа Ата Заңның қабылдануы қоғам сұранысынан туындап отырғанын атап өтті.

    Басқосуда сөз алған Жанарбек Әшімжан жаңа Конституция жобасының стратегиялық басымдықтарына тоқталып өтті. Нұргүл Тау жаңа заң барлық сала мамандары қатыстырылып, кең көлемде талқыланғанын айта келіп, еліміздегі экологиялық ахуалды тілге тиек етті. Ержан Нүсіпбекұлы конституциялық реформалар мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, азаматтық қоғамның маңызды шешімдер қабылдауға қатысуын кеңейтетінін атап өтті. Алғабас ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Смағұл  Дәлібаев та жаңа Конституция жобасы туралы ой-пікірін ортаға салды.

    Одан әрі жалпыұлттық коалицияның жұмысы Жалағаш ауылындағы Мәдениет үйінде жалғасты. Коалиция мүшелері ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңа Конституция жобасының мазмұнын жан-жақты түсіндірді.

    Кездесу барысында Жалағаш ауылдық округінің әкімі Айгүл Садырова, ауыл тұрғындары – Сырлан Саламатов, Әбден Мәшкеев, Мейірбек Тұрлығожаев  өз ұсыныстарын білдіріп, жаңа Конституция жобасына қолдау танытты. Қатысушылар алдағы референдум – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды саяси науқан екенін атап өтті.

    Еркін форматта ұйымдастырылған жиында адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік әділеттілік, мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен ашықтығы мәселелері кеңінен сөз болды. Шараға қатысушылар 15 наурызда өтетін референдумға барып, жаңа Ата Заңды қолдауға дайын екендерін білдірді.

    Айта кетейік, алдағы бір ай бойы коалиция мүшелері елдің барлық аймағына барып, еңбек ұжымдарымен және тұрғындармен кездесулер өткізеді. Осылайша конституциялық өзгерістерді талқылауға азаматтарды кеңінен тарту мен ауқымды қоғамдық диалогты қамтамасыз етеді. Жаңа Конституция жобасы бойынша түпкілікті шешім алда өтетін республикалық референдумда халықтың дауыс беруі арқылы қабылданады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    Жол қауіпсіздігін бақылай аласыз

    8 months ago
    Кәсіптік және техникалық білім беру мүмкіндіктері

    Жұмысшы мамандықтары жылы: Үкімет өнеркәсіп пен техникалық мамандарды қолдайды

    1 year ago
    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    Түрік әдебиетіне арналған кітап бұрышы ашылды

    3 years ago
    Алматы облысында Қарттар күні аталып өтті

    Алматы облысында Қарттар күні аталып өтті

    5 months ago
    Көзбен көріп, көңілге түйді

    Көзбен көріп, көңілге түйді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>