⛅
-8°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 2, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сөз мәдениетін сақтайық! 

    01.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Сөз мәдениетін сақтайық! 
    0
    SHARES
    10
    VIEWS
    Елімізде жаңа Конституция қабылдау бойынша өтетін республикалық референдумға екі аптадай уақыт қалды. Қазір «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалиция белсенділері өңірлерде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру  жұмысын жүргізіп жатыр.  Қарапайым халық, біз сияқты қатардағы сайлаушылар  бұл өзгерістер неден туындағаны және келешекте еліміздің саяси, экономикалық дамуына қандай ықпал ететіні жөнінде көп нәрсені естіп, Конституциялық реформаның мәні мен мазмұнын тереңірек ұғынып келеміз.
    Әрине, қай қоғамның да тұрақты дамуы мен бейбіт өмірі үшін сөз еркіндігі мен ақпарат таратудың рөлі айрықша. Бірақ, ұялы байланыс, әлеуметтік желі айрықша дамыған мына заманда, үлкен өкінішке қарай, әркім аузына келгенін айтып, қоғамдағы бірлік пен тату тірлікке зиянын тигізетін жағдайлар да ұшырап жатыр. Тіпті бейәдеп сөздер де емін-еркін айтыла беретін болды. Оған жауап беріп жатқан ешкім жоқ. Бұл ұлттық мәдениетімізді төмендетіп, елдің бірлігін бұзбаса, басқа көк тиын пайда әкелмейді. Әлеуметтік желілерде жақсы істен гөрі жаман нәрселерді – әртүрлі қылмыс, балаларды зорлау, алаяқтық, бейәдеп көріністерді жариялау белең алып бара жатқаны байқалады. Мұның бәрі түптің түбінде жақсылық әкелмейді. Түсінген адамға ол – жамандықты насихаттау. Біз жаманды жасырып, жақсыны асырудың орнына, керісінше көп жағдайда жаман әдеттерді насихаттап отырғандаймыз. Меніңше, көпшілік осыны түсінбейтін де сияқты. Қазақ ежелден «жақсы сөз, жақсы ниет – жарым ырыс» деуші еді. Сондықтан әркім тек  жақсы ниетпен жақсы, ұнамды дүниелерді жариялап, көпшілікпен бөлісуге ұмтылғаны дұрыс деп ойлаймын.
    Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасындағы 23 бап, 4 тармақшада:  «Сөз еркіндігі және ақпарат тарату басқа адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, азаматтардың денсаулығы мен қоғамның адамгершілік болмысына нұқсан келтірмеуге, қоғамдық тәртіпті бұзбауға тиіс» деп жазылғанын өте-мөте құптаймын. Егер қазіргі кезге дейін әлеуметтік желі қолданушылары ешқандай шімірікпестен біреудің ар-намысына тиетін, оның бала-шағасы, ағайын-туысы, араласатын адамдары арасында абыройын түсіріп, беделіне нұқсан келтіретін сөздер айтып, жазып жатқан болса, келешекте осы баптың негізінде қылмыстық кодекске тиісті өзгерістер енгізіліп, ондай адамдар жауапкершілікке тартылуы тиіс деп санаймын.  Әркім істеген ісі ғана емес, аузынан шыққан бейәдеп, негізсіз сөзі үшін де жауап беруі керек. Ешкімнің басқа біреудің адамгершілік болмысына нұқсан келтіруге, қоғамдық тәртіпті бұзуына хақы жоқ. Бәрі заңды, жоғары мәдениетті, өркениетті жолмен шешілуі тиіс. Егер қоғамдық орында болсын, әлеуметтік желіде болсын,  біреу біреудің  намысына тисе, қорласа, бәйәдеп сөз айтса – сотқа жүгініп, моральдық өтемақы талап етсін.
    Жаңа Конституция жобасында тек бұл емес, басқа да көптеген өзгерістер бар. Тіпті әр бап емес, әр тармақ бойынша жеке-жеке пікір айтуға болады. Мұның бәрі елімізді әрі қарай дамыту тұрғысынан қабылданғалы отыр.  Ендеше, 15  наурыз күні референдум учаскелеріне барып, жаппай дауыс берейік.  Бұл – бәріміздің азаматтық парызымыз!
    Өмірбек ЕРАСЫЛОВ,
    жеке кәсіпкер
    Талғар қаласы

    Ұсынымдар

    QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

    QS WUR әлемнің үздік университеттерінің халықаралық рейтингіне қазақстандық 21 ЖОО кірді

    1 year ago
    Мемлекет басшысы: Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады

    Мемлекет басшысы Алматы облысына сапарлап келді

    2 years ago
    Серпінді сенбілік

    Серпінді сенбілік

    5 months ago
    Зейнеп АХМЕТОВА, Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы: АТА СӨЗІ – АМАНАТ

    Зейнеп АХМЕТОВА, Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы: АТА СӨЗІ – АМАНАТ

    12 months ago
    Ел тыныштығы –  ең маңызды мәселе

    Ел тыныштығы – ең маңызды мәселе

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>