⛅
8°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Өтеген батырдағы өзгеше акция: Жаңа теледидарлар халықты “референдумға шақырады”

    02.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Өтеген батырдағы өзгеше акция: Жаңа теледидарлар халықты “референдумға шақырады”
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Конституциясы – елдің құқықтық, саяси және әлеуметтік құрылымының негізін құрайтын ең жоғары заңдық акт. Бұл құжат мемлекеттің басқару жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік билік тармақтарының негізгі қағидаларын айқындайды. Конституция мемлекеттің демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік сипатында екендігін заң жүзінде бекітеді. Осыған орай 2026 жылдың 15 наурызында Қазақстанда Жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізіледі. Референдум – мемлекеттің демократияға қаншалықты сай келетінін көрсететін лакмус қағазы іспеттес. Бұл күні барлық сайлауға құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтары «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген жалғыз сұраққа «Иә» немесе «Жоқ» деп дауыс береді.

    Осыған байланысты, Өтеген батыр кентіндегі сауда үйлерінде референдумға қатысты ерекше акция бастау алды. Тұрмыстық техника дүкендерінде сатылатын теледидарларда енді жарнаманың орнына тұрғындарды референдумға шақыратын бейнежазбалар көрсетіле бастады. Еске салайық, референдумда дауыс беру 15 наурыз күні таңғы сағат 07:00-де басталып, 20:00-де аяқталады. Дауыс беру бүкіл ел бойынша 10 мыңнан астам сайлау учаскелерінде өтеді, сонымен бірге шетелдегі дипломатиялық мекемелерде де дауыс беру учаскелері ашылған. Референдумға жасы 18-ге толған азаматтар қатыса алады.

    Жаңа Конституция жобасында қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы талаптарын ескере отырып, мемлекетті басқару жүйесін жетілдіру, парламент және атқарушы билік арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңінен қамтамасыз ету мақсатында көптеген өзгерістер ұсынылған. Олардың ішінде Парламенттің құрылымы өзгеруі, вице-президент лауазымының енгізілуі және адам құқықтары саласындағы жаңа кепілдіктер бар. Конституция мен оған енгізілетін түзетулер туралы толық мәлімет референдум алдындағы қоғамдық талқылауларда, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, азаматтарға жан-жақты таныстыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл – әр азаматты елдің болашағына жауапты көзқараспен қарауға, өз ой-пікірін білдіруге шақыратын маңызды кезең. Әрбір азаматтың бұл референдумға қатысуы өз елінің тағдырын, қоғамның дамуын анықтауда маңызды рөл атқарады.

    Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

    Ұсынымдар

    Бапкер Азат

    Бапкер Азат

    2 years ago
    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    3 years ago
    Әкім: Алматыда 2025 жылға қарай дизельді автобустар жүрмейді

    Әкім: Алматыда 2025 жылға қарай дизельді автобустар жүрмейді

    3 years ago
    Есептен шығару куәлігін қалай пайдалануға болады?

    Есептен шығару куәлігін қалай пайдалануға болады?

    3 days ago
    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    Рухани құндылық – тәрбие өзегі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>