Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылар арасында адалдық, әділдік және заңға құрмет құндылықтарын дәріптеу, сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсерін түсіндіру, сондай-ақ жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыру болды. Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ашық білдіріп, тақырып аясында пікір алмасып, қойылған сұрақтарға толық жауап алды.
Сыбайлас жемқорлық — қоғамның дамуын тежейтін, әділдік қағидаттарын әлсірететін және халықтың сеніміне нұқсан келтіретін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан әрбір азаматтың адалдықты таңдауы, заң талаптарын сақтау және әділ қоғам құруға үлес қосуы аса маңызды.
Біз таза әрі әділ қоғамды қолдаймыз!
Біз адал еңбек пен шынайы жетістікті бағалаймыз!
Біз жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға үлес қосамыз!
Әрбір парадан бас тарту — болашаққа жасалған дұрыс қадам.
Әрбір адал шешім — ел ертеңінің берік негізі.
Бірге әрекет етсек қана сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, әділ қоғам қалыптастыра аламыз!



