⛅
20°C
Қонаев
Сейсенбі, Сәуір 21, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰЙЫМ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ

    07.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Сайлау
    ҰЙЫМ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

      Қаскелеңде Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының кезекті есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Аталған конференцияға облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Ілияс Сүгіров пен Қарасай ауданы әкімінің аппарат басшысы Данияр Мантаев және ардагерлер ұйымдарынан сайланған 77 депутат, сол сияқты ардагерлер мен аудандық «Асыл ана» ұйымының төрағалары мен мүшелері, «Алатау жастары» ұйымының мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық келісім мүшелері, тағы басқа шақырылған қонақтар қатысты.

    Күн тәртібінде Қарасай аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Сағат Мәсімақыновтың есебі, тексеру комиссиясының жұмысы, аудандық ардагерлер ұйымының пленум құрамын сайлау, президиум мүшелерін, ардагерлер ұйымының төрағасы мен орынбасарын, тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау, Алматы облыстық ардагерлер ұйымының конференциясына делегаттарды таңдау сияқты мәселелер қаралды. Аудан ардагерлері ұйымының бес жыл ішіндегі атқарған жұмыстарын байыппен баяндаған Сағат Ұлтарақұлы маңызы бар мәселелердің бәріне жан-жақты тоқталып, егжей-тегжейлі сөз етті. Оның айтуынша, бүгінде ауданда 1 қалалық, 10 ауылдық, 55 бастауыш ардагерлер ұйымы жұмыс істейді. Сол сияқты ардагерлер ұйымының жанынан құрылған «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі және «Алатау жастары» ұйымы белсенділік танытуда. Сағат Ұлтарақұлы әр жылдары істелген жұмыстардың бұдан басқа да игіліктерін абыроймен атқара білгендерін айтып, қуанышты ақпарларымен бөлісті. Ел ішінде ауызбірлікті арттыру, тұрақтылық пен татулықты сақтау, ұлттық тәлім-тәрбиені кеңінен насихаттау, келіспеушіліктердің алдын алу, ақсақалдар мен жас буын арасында сабақтастықты жандандыру, белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу, бұдан өзге де түрлі тақырыпқа арналған отырыстарды жүйелі өткізу, ескерткіштерді күтіп-баптау, қайырымдылық жасау, жастарды жат ағымнан сақтандыру жұмыстары да өңірлік ардагерлер ұйымы тарапынан жолға қойылған.
    Былтыр Жеңістің 80 жылдығы Қарасай ауданында есте қаларлықтай атап өтілді. Бұл мерекеге аудан жұртшылығы ерте бастан дайын­дықтарын жасады. Ардагерлер ұйымы Ленинград қоршауына қатысқан Зинайда Суханованың үйіне барып, Ленинград қаласы губернаторының арнайы жіберген Құттықтау телеграммасын қолма-қол табыс етіп, мерекесімен құттықтап, оған ардагерлер ұйымы атынан алып барған азық-түлік себетін берді. Осындай азық-түлік салынған себеттерді Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерінің жесірі, 99 жасқа келген Құндызай Құлбаева апамызға, 100 жасқа келген Сәлима Бұлғақбаева апамызға және 15 тыл еңбеккеріне табыстады. Мұндай құрметтер аудандағы барлық ардагерлер ұйымында да көрсетілген. Ең бастысы, Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов майдангерлер мерекесіне орай ақ дастарқан жайып, Отан үшін қан кешіп, содан оралмай қалған марқұмдарға арнап ас берді. Сонымен қатар қалада және ауылдарда ерлігімен есте қалған майдангерлердің есімі көшелерге қойылды. Олар ерліктері үшін жоғары марапаттарға ие болған Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымынан Сатылған Дүйсенбеков, Біләл Жақыбаев, Әли-Бинәлі Туталадзе, Давлеткул Авдиевтер екені халықты үлкен қуанышқа кенелтті. Ал Қаскелең қаласынан ауданның қадірменді ақсақалдары атанған, майдангер ерлігімен белгілі, бейбіт күнде беделді еңбектерімен ел мақтаны болған Сейітхан Исаев пен Үсенбай Тастанбековке де қала орталығынан көшелер беріліп, салтанатты жағдайда көшелердің тұсаукесерлері өтті. Мұндай көшелерді Әйтей ауылдық ардагерлер ұйымын басқарып отырған Амангелді Шәріпқұлов та қолға алып, сәтті жүзеге асырған. Ол соғыс ардагерлері Чайке Ыдырысов пен Еркебек Әбдікерімовке көше алып беруге айтарлықтай еңбегін сіңірді.
    Баяндамашы Сағат Ұлтарақұлы өткен жылғы ақыл-ойдың алыбы Абайдың 180 жылдық мерейтойын да назарынан тыс қалдырмады. Ақынның аруағы мен рухы үшін аудан көлемінде ардагерлер ұйымдары көптеген іс-шараларды Абайдың осы төл мерекесіне арнап өткізген. Адам баласының «Еңбегіне қарай құрмет» деген пәлсапасы бар емес пе? Бұл жағынан аудан ардагерлері құралақан емес. Екі бірдей ардақты ана Алматы облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Ерболат Тұрымбетовтың қолынан «Алматы облысының Құрметті ардагері» медалін алып қайтты. Сағат Ұлтарақұлының мәнді де мазмұнды баяндамасы осымен ғана шектелген жоқ. Ол өзінің үш жылдық есебін анық-қанығына жеткізіп, сөз бен істің бірлігі арасында алшақтық болмағанын айғақтайтын дәлелдермен дәйекті түрде өте тартымды баяндама жасады. Баяндамадан кейін жарыссөзге шығып сөйлегендер де көкейдегілерін көпшілікке жасырмай жайып салды.
    Жарыссөзге шыққан Қарасай аудандық «Асыл ана» ұйымының төрағасы Ұлтай Бархинова, Іргелі ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Егінбек Егеубеков, Елтай ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Есенгелді Сәлібеков баяндаманың көңілге қонымды болғанын, ұлттық құндылықтарға байланысты игілікті істер сәтімен жүзеге асып жатқанын риза сезіммен әңгімелесе, кезегімен сөз алған бұдан кейінгілер де Сағат Ұлтарақұлының жұмысын абыройлы іс деп айта отырып, оған қанағаттанарлық бағаларын берді. Сол сияқты соңынан сөз алған облыстық ардагерлер ұйымы төрағасының орынбасары Ілияс Сейітбекұлы: «Баяндамаға қатысушылардың қатты риза болғаны бұл – нәтижесі бар жұмысқа көрсетілген қошемет», – деп пікір білдіріп, Сағат Ұлтарақұлының қайта сайлануын көппен бірге құттықтап, сәттілік тіледі. Конференция күн тәртібіндегі өзге де мәселелер де жоспарға сай өтіп, көпшілікпен бірге талқыланып, тиісті шешімдер шығарылды.

    Қанат ТӘКЕБАЕВ
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы іске қосылады
    21.04.2026
    Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
    21.04.2026
    В каких случаях пенсионные выплаты за счет добровольных пенсионных взносов назначаются автоматически
    21.04.2026
    Қандай жағдайларда ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері автоматты түрде тағайындалады
    21.04.2026
    ҚАМҚОР ҰСТАЗ, ҚАРЫМДЫ ҚАЛАМГЕР
    21.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>