Алматы облысында салық органдары кәсіпкерлерден жарнамаға заңсыз салық өндіріп отырған. Бұл туралы облыс прокуратурасы хабарлады.
«Жарнама туралы» заңда жарнаманың түрлері нақты айқындалған және маңдайшалардың жарнамаға қатысы жоқ екені көрсетілген. Алайда, жергілікті атқарушы органдар бизнес субъектілерінің жарнамалары туралы ақпаратты мелмекеттік кірістер органдарына жолдаған кезде, маңдайшаларды да жарнама деп көрсеткен» делінген прокуратура хабарламасында.
220 кәсіпкерге қатысты осындай заң бұзушылық жасалып, прокуратураның қадағалау актісі негізінде бүгінде 60 кәсіпкерге заңсыз өндіріп алынған салық төлемдері қайтарылған.
Еске салайық, «Жарнама туралы» заңның 11-бабының 1-1-тармағына сәйкес, маңдайшалардағы жазулар сыртқы жарнама болып саналмайды.