⛅
14°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Коалиция өкілдері жол құрылысы жұмысшыларымен кездесті

    09.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Коалиция өкілдері жол құрылысы жұмысшыларымен кездесті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» коалициясының Жамбыл ауданындағы мүшелері бұл күндері халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенділікпен жүргізуде. Олар кезекті осындай шарамен Қарғалы ауылындағы «Дортехмонтаж»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

    Аталған кәспорын ұзақ жылдан бері аудан аумағында жол құрылысымен айналысып келеді. Коалиция өкілдері кәсіпорын кеңсесінде еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшылармен жаңа Конституция жобасын талқылады. Ақпараттық-түсіндіру барысында коалиция мүшелері жаңа Ата Заңның негізгі ерекшеліктері – адамды ең жоғары құндылық ретінде бекіту, әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, еңбек құқықтарын қорғау, цифрлық қауіпсіздік, дәстүрлі отбасы құндылықтарын нығайту мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ билік тармақтарының теңгерімі, бір палаталы Парламент құру, Вице-Президент институтын енгізу сияқты саяси жаңашылдықтар туралы айтып берді.

    «Жаңа Конституция – еліміздің тұрақты дамуының берік негізі. Бұл – тек заңдар жинағы емес, біздің ортақ болашағымыздың айнасы», – деді коалиция мүшесі Армандос Әбілов.

    «Дортехмонтаж»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлері коалиция өкілдеріне өз сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды. Кездесу соңында серіктестік басшылары ұжым атынан коалиция өкілдеріне алғыс айтып, 15 наурызда болатын республикалық референдумға белсене қатысуға дайын екендіктерін білдірді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
    09.03.2026
    Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті – сауалнама
    09.03.2026
    Аудан әкімі аналарды қабылдады
    09.03.2026
    Шаруалар қолдау танытты
    09.03.2026
    Коалиция өкілдері жол құрылысы жұмысшыларымен кездесті
    09.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>