⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Наурыз 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Облыс әкімі Балқаш өңіріне барды

    08.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Облыс әкімі Балқаш өңіріне барды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Алматы облысында жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық жұмыс жалғасуда. Жұмыс сапары аясында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданында болып, Бақанас ауылындағы «Бірлік» ЖШС және аграрлық-индустриялық колледжінің ұжымдарымен кездесті.
    Алғашқы нысан «Бірлік» агрофирмасы болды. Бұл – жүздеген жергілікті тұрғындар жұмыс істейтін өңірдің жетекші шаруашылықтарының бірі.
    Кездесу барысында облыс әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың ауыл шаруашылығын дамытуға қосып жатқан баға жетпес үлесін атап өтті. Сондай-ақ кәсіпорын өнімдерімен танысып, алдағы референдум турасында сөз қозғады.
    – Жаңа заң негізінде азаматтардың құқықтары толықтай қорғалады, кәсіпкерлік дамиды, қоғамда өзара сенім қалыптасады. Бұл өзгерістер біздің құқықтарымызды нығайтуға, ауыл шаруашылығы саласы мен қарапайым еңбекті қорғауға бағытталған маңызды қадам болып саналады, – деді облыс әкімі.
    Бұдан соң кездесу Бақанас аграрлық-индустриялық колледжінде жалғасты. Бұл оқу орны 1977 жылдан бастап өңірге қажетті мамандар даярлап келеді. Өз сөзінде Марат Сұлтанғазиев жаңа Конституция – адами капиталды дамытудың жаңа стратегиясы екенін атап өтті. Онда білім беру жүйесі мен болашақ мамандар үшін маңызды авторлық құқықты, зияткерлік меншікті және цифрлық қауіпсіздікті қорғау тетіктері бар. Облыс әкімі жаңа Конституция жобасында тарихи мұра мен табиғи ресурстарды сақтау жауапкершілігі күшейтілгенін де жеткізді.
    Жиын соңында алдағы 15 наурызда өтетін референдум ел үшін шешуші кезең болатынын айтып, аудан тұрғындарын осы саяси науқанға белсене қатысуға шақырды. Мұндай маңызды қадам еліміздің болашағы мен дамуына жарқын жол ашпақ.
    Алма ЕСЕНБАЙ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған футбол матчында спорт пен өнер жұлдыздары кездесті
    09.03.2026
    Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды 
    09.03.2026
    Кешірім мен тазару айы
    09.03.2026
    Берекелі Рамазан – мүміннің мүмкіндігі
    09.03.2026
    Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны
    09.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>