🌧️
2°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖҰЛДЫЗДАР ҚАТЫСҚАН ЖАРҚЫН ШОУ

    10.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Референдум, Спорт
    ЖҰЛДЫЗДАР ҚАТЫСҚАН ЖАРҚЫН ШОУ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Республикалық референдум қарсаңында «Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының қолдауымен Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру бағытындағы түрлі іс-шаралар өткізілуде. Осы іс-шара барысында Қарасай ауданының Шамалған ауылындағы «Úshqońyr» спорт кешенінде «Алатау» және «Қонаев» командалары арасында жұлдызды футбол шоу-матчы өтті.

    «Алатау» командасының құрамында танымал әртістер ойнаса, «Қонаев» командасында Алматы облысының белгілі спортшылары алаңға шықты. Ойынның  символдық мәні де ерекше болды, атап айтқанда,  іс-шараның басты ұраны «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз!» деп аталса,  футболшылардың спорттық киімдерінде референдум өтетін күн жазылып тұрды.

    Салтанатты шарада футбол бәсекесіне арнайы келген қонақтар сөз сөйледі. Алматы облыстық мәслихатының төрағасы, өңірлік коалицияның жетекшісі Қуат Байғожаев соңғы бір жарым айда коалиция мүшелері өткізген кездесулер мен басқа да іс-шаралар бір миллионнан астам адамды қамтығанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл шоу-матч та өскелең ұрпақ үшін жақсы үлгі болды.

    – Командалық ойындарда да, өмірде де бірлік болса, жеңіс болады. Мәдениет, спорт және шығармашылық индустрия өкілдерінің осындай бастамаларды белсенді қолдап, жастарды салауатты өмір салтына шақырып жүргені қуантады. Бұл матч – тек спорт мерекесі ғана емес, сонымен бірге жаңа Конституция бойынша референдумды қолдайтынымыздың символы, – деді. Сонымен қатар ол Конституцияның преамбуласына тоқталып, онда мемлекеттіліктің негізі ретінде бірлік, ұлтаралық келісім және тәуелсіздік айқындалғанын айтты.

    Облыс әкімінің орынбасары  Ғани Майлыбаев футбол шоу-матчы отбасылық құндылықтарды дәріптеуге де ықпал ететінін атап өтті. Себебі бұл жарқын әрі әсерлі шараға көптеген адам балаларымен бірге келген. Іс-шараны облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров та қолдады.

    Шоу-матч екі таймнан тұрды. «Алатау» командасының капитаны белгілі әнші Жұбаныш Жексен болса, «Қонаев» командасының капитаны – Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев болды. «Алатау» ойыншылары ақ түсті, ал «Қонаев» командасы көк түсті спорттық формада алаңға шықты.

    Әр тайм 45 минутты құрады. Матчты тамашалау қызықты болды, өйткені оны ойыншылар туралы жақсы білетін әрі әзіл-қалжыңы бар кәсіби спорт комментаторы жүргізгенін айта кету керек. Сонымен қатар бұл ойында  «Алатау» жұлдызды командасының құрамында танымал әнші, SuperStar KZ жобасының жеңімпаздарының бірі Нұржан Керменбаев, актер, әнші және тележүргізуші Тәуекел Мүсілім, жастар арасында танымал блогер Азат Жұмаділ, белгілі актер және режиссер Мырза Махамбет, әйгілі иллюзионист әрі фокусшы Жеңіс Айтжанов және басқа да өнер иелері өнер көрсетті.

    Ал «Қонаев» командасының құрамында Париж олимпиадасының грек-рим күресінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров, әлем чемпионатының жүлдегерлері Нұржан Жұмажан, Ербол Қоңыратов, Қорлан Жақанша, Qonaev Media телеарнасы редакциясының журналисі Қосқанат Көпжасар, белгілі ақын-айтыскер Сырым Әуезхан, облыстық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Орынбасаров және басқа да спорт пен қоғам өкілдері болды.

    «Алатау» командасының өкілі Тәуекел Мүсілім ойын жайлы: «Футболды бала кезімнен жақсы көремін, үнемі ойнап тұрамын. 2017 жылы Қазақстан құрамасының құрамында Ресейде өткен «Арт футбол» турнирінің чемпионы атандым. Бұл жарысқа ТМД және Еуропа елдерінің әртістері қатысты. Жаттығу – дене дайындығын сақтаудың жақсы тәсілі. Мұндай жарыстар спорт пен белсенді өмір салтының маңызын еске салады», – деді.

    Ал «Қонаев» командасының капитаны Нұрбақыт Теңізбаев: «Бұл матчқа әртүрлі саланың өкілдері жиналды, бірақ бәрімізді спортқа деген сүйіспеншілік біріктіреді. Осындай достық атмосферада ойнап, көрермендерге жағымды эмоция сыйлау өте қуанышты. Мен бұл шоу-матчтың идеясын толық қолдаймын, «Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз!» – деп өз пікірін білдірді.

    Ойын өте тартысты өтті. Қатысушылар жақсы дайындық деңгейін көрсетті. Бірінші таймда екі команданың да қақпасына қауіпті шабуылдар жиі жасалды. Алғаш болып «Қонаев» командасы есеп ашты, кейін есеп теңестірілді. Екінші таймда шешуші голды Қосқанат Көпжасаров соғып, «Қонаев» командасына 2:1 есебімен жеңіс әкелді.

    Айта кету керек, танымал әртістер кәсіби спортшылардан кем түспей, лайықты қарсылық көрсете білді. Бір сәтте олар қарсылас қақпасына гол соғуға өте жақын болды, алайда доп қақпа бағанасына тиіп, сыртқа серпілді.

    Қызықты жағдайлар алаңнан тыс жерде де болып жатты. Матчқа келген жасөспірімдер арасында спортшылардың футболкалары үшін қызу тартыс басталып, олар нағыз олжаға айналды. Тіпті бір сәтте тәртіп сақшыларының араласуына тура келді.

    Мерекелік шара Қазақстан эстрадасының жұлдыздары мен Алматы облысының талантты орындаушылары қатысқан концерттік бағдарламамен жалғасты. Ол көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.

    Бұл шоу-матч үш мыңнан астам көрерменді біріктірген ерекше ойын болғанын айта кету керек. Футбол алаңында спорт пен өнер жұлдыздары кездесіп, тек күш сынасып қана қоймай, көрермендерге жарқын сәт сыйлады. Сонымен қатар спорттың адамдарды біріктіретінін көрсетіп, жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді және алдағы референдумда әрбір қазақстандықтың дауысы маңызды екенін еске салды.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    жұлдыздар қатысқан шоу

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Коалиция мүшелері №21 орта ұжымымен кездесті
    10.03.2026
    Алматы облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды
    10.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «RAIMBEK AGRO» ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    10.03.2026
    КӨПТЕН КҮТКЕН ҚОНЫСТОЙ
    10.03.2026
    Алматы облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
    10.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>