Талғар ауданындағы Гүлдала ауылдық округі амбулаториясының медицина қызметкерлерімен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының саяси жүйені жаңғыртуға бағытталған нормалары түсіндірілді.
Коалиция мүшелері болашақ бір палаталы Құрылтайдың 52-бапқа сәйкес заң шығару билігін жүзеге асыратынын және оның толық құрамы пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастырылатынын айтты.
«Президент депутаттарды тағайындау құқығынан айырылады, ал заң шығару билігі толықтай сайланған өкілдерге тиесілі болады. Бұл – билік тармақтарының теңгерімін нығайтатын маңызды қадам», – деді коалиция мүшесі Мейіржан Адильбеков.
Медицина қызметкерлері реформаның құқықтық маңызын атап өтті.




