Перейти к содержимому
Главная страница » Коалиция өкілдері Кеңдала ауылының амбулаториясының медицина қызметкерлерімен жүздесті

Коалиция өкілдері Кеңдала ауылының амбулаториясының медицина қызметкерлерімен жүздесті

Талғар ауданындағы кеңдала ауылының амбулаториясының ұжымымен өткен кездесуде жаңа Конституция жобасының құқықтық жаңашылдықтары талқыланды.

Коалиция мүшелері 21-бапта азаматтардың жеке өмірге қол сұғылмау құқығы, жеке және отбасы құпиясы, сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдануды қоса алғанда, дербес деректерді заңсыз жинаудан және пайдаланудан қорғау кепілдігі бекітілетінін атап өтті.

«Цифрлық дәуірде азаматтардың дербес деректерін қорғау – аса маңызды мәселе. Жаңа Конституция бұл норманы Негізгі заң деңгейінде бекітіп отыр. Бұл медициналық ақпараттың, пациент құпиясының және жеке мәліметтердің қорғалуын күшейтеді», – деді коалиция мүшесі Мусапиров Нұрлыбай.

Кездесу барысында медицина қызметкерлері цифрлық қауіпсіздік пен құқықтық кепілдіктер жөнінде пікір алмасты.