⛅
5°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Коалиция мүшелері Ақтерек тұрғындарымен кездесті

    12.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Коалиция мүшелері Ақтерек тұрғындарымен кездесті
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы
    үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы
    Ақтерек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Жиында 2026
    жылғы 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын
    жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді.
    Коалиция өкілдері Президент лауазымына бір адамның тек бір рет қана
    және жеті жыл мерзімге ғана сайланатыны, оған партия мүшелігіне шектеу
    қойылатыны, кадрлық шешімдерді Құрылтай келісімімен қабылдайтыны
    және билік тармақтарының теңгерімі мәселелеріне баса тоқталды.
    Бұл орайда коалиция мүшесі Тәңірберген Қасымберкебаев реформаның
    осы мәселеге қатысты тұстарын кеңінен тарқатты: «Жаңа Конституция
    жобасы билікті күшейтуге емес, оны шектеуге бағытталған. Президент бір
    рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма Ата Заңда өзгертілмейтін
    қағида ретінде бекітіледі. Өкілеттік кезеңінде Президент партия мүшесі бола
    алмайды, ал жақын туыстары саяси мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Бұл
    – биліктің бір қолға шоғырлануына жол бермейтін нақты құқықтық
    тосқауылдар. Сонымен қатар заң шығару билігі толықтай сайланған
    Құрылтайға беріледі. Бұл – халық еркінің тікелей көрінісі», – деді ол.
    Аудан орталығынан 85 шақырым қашық жатқан Ақтерек ауылының
    тұрғындары алдымызда болатын республикалық референдумның ел
    болашағы үшін маңызды екенін жете түсінетіндіктерін білдірді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>