⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ – ОРТАҚ МАҚСАТ

    13.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    БИЗНЕСТІ ҚОЛДАУ –  ОРТАҚ МАҚСАТ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облысқа жұмыс сапарымен келген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев Қонаев қалалық Мәдениет үйінде жергілікті кәсіпкерлер қауымдастығымен кездесті. Жиын басталмас бұрын қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер тарапынан өндірілген өнімдердің көрмесін тамашалады.

    Мемлекет пен бизнес арасындағы өзара сенімді нығайтып, ортақ мақ­саттарды талқылауға арналған ма­ңызды басқосуда алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев аймақтың инвестициялық әлеуетін арттыру шаралары ірі кәсіпорындардың ғана емес, шағын және орта бизнестің де дамуына мүмкіндік беріп жатқанын атап өтті.
    – Кәсіпкерлердің мәселелерін жүйелі түрде талқылау және тиімді шешімдер қабылдау бағытында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер пала­та­сымен тығыз әріптестік орна­тылған. Олардың ұсыныстары мен бастамаларын ескере отырып, өңірлік деңгейде нақты шаралар қабылдануда. Дегенмен әлі де бірқатар өзекті мәселе бар. Субсидия бойынша биыл бюджеттен бөлінген 39,4 млрд теңгенің
    96 пайызы былтырғы қарыздарды жабуға бағытталады. Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен инвестициялық жобаларды несиелендіру бойынша 52 шаруашылық 140 млрд теңгеге өтінім берген. Оның 32 млрд теңгесін жеке қаражат есебінде салуға ниетті. Осы бағдарлама бойынша облысқа 5,0 млрд теңге бөлінді, қажетті қаражат – 103 млрд теңге. Былтыр әрбір бюджеттен бөлінген 1 теңгеге 24 теңгеден өнім алынып, экономикалық тиімділігін айқындады. Осы жағдайды ескеріп, агросубъектілер бастамаларына қосымша қаражат бөлу мәселесін көтеруді ұсынамын, – деген аймақ басшысы бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай қалыптастыру, әкімшілік кедергілерді азайту және мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту негізгі міндеттердің бірі екенін айтты.
    Мінбеге көтерілген Қанат Шарлапаев бүгінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының рөлі бизнесті қолдау, Үкіметпен диалогты арттыру, шешімдерді талдап, олардың экономикалық әсерін қарастыру екеніне тоқталды. Сонымен бірге кәсіпкерлер көтерген мәселелерді қарастырып, талқылап, бірлесіп орталыққа жет­кізетін өңірлік палаталардың рөлін күшейтіп, олардың орталық аппаратпен байланысын арттыру керегін тілге тиек етті. Қазіргі кезде өңірлерге инвестиция тарту барысында инфрақұрылым мәселесі өте өзекті болып отырғанын, сондықтан осы жұмысты жергілікті атқарушы органдар, Үкімет пен қаржы ұйымдары бірлесіп іске асырылу керегін алға тартты. Белсенді инвестор электр қуаты болмаса, жобасын іске қоса алмайтындықтан, оған бірлескен көмек көрсетілуі қажеттігін қаперге салды. Сонымен бірге отандық өндірушілердің жаңа реестрі мен ұлттық тауарлар каталогы жайлы мағлұмат беріп, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған бағдарламалар әзірленіп жатқанынан хабардар етті.
    Келесі кезекте облыс прокуроры Берік Адамов сөз алып, прокуратура, әкімдік және кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысы туралы сөз қозғады.
    – Апта сайын инвесторларды бірлесіп қабылдаймыз, онда білікті заңгерлік кеңес беріледі, жан-жақты қарауды талап ететін өзекті мәселелер өндірістік қарауға алынады. Былтырдан бастап жұмыс істейтін «Мобильді прокурор» қосымшасы арқылы әрбір кәсіпкер прокуратура органдарына өзінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін жүгіне алады. Ендігі кезекте мемлекеттік, жергілікті атқарушы және бақылау-қадағалау органдарының тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қолдануға, тексерулер жүргізуге, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс қозғауға, сотқа талап қоюға байланысты шешімдері міндетті түрде прокурормен келісіледі. Заңнамада тексеру жүргізуге негіздер мен тексеру тағайындау туралы актінің, хабарламаның болмауы, хабарлау мерзімдерінің сақталмауы және басқа да жағдайлар бойынша тексеру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған, – деді Берік Абызбайұлы.
    Облыс прокурорының айтуынша, былтыр 5 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар прокурорлар кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер мен жер учас­келерін беруден заңсыз бас тарту дерек­тері бойынша 8 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Үш жыл ішінде жер телімін бөлу, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік жеңіл­діктер мен преференциялар алу мәселе­лерімен прокурорлар тарапынан шамамен 8 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, 138 инвестордың 64 кейсі шешілген. Құс етін өндіруші «Прима Құс» компаниясына 1,2 млрд теңгеден астам субсидия алуға, балмұздақ өндіретін «Шин Лайн» зауытының су тұтыну көлемін арттыруға көмек көрсетілген. Сонымен қатар бірқатар ірі компаниялардың бұрын заңсыз бас тартылған жер телімдерін алуына қол жеткізіліп, құзырлы орындар тарапынан салынған шектеулер алынған.
    Жиын соңында Қанат Бисимбайұлы кәсіпкерлердің сұрақтарына жан-жақты жауап беріп, кейбір сауалдар мен ұсыныстарды тиісті министрліктерге жеткізетінін айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    ІЛЕ АУДАНЫНДА ЖАҢА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ
    13.03.2026
    Жамбыл ауданының Шиен ауылында екі бірдей жаңа нысан пайдалануға берілді
    13.03.2026
    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    13.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ ТӨЛЕ БИ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    13.03.2026
    Ел қуанышы еселенді
    13.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>