⛅
1°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Саяси науқанда өз еркін білдірді

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция
    Саяси науқанда өз еркін білдірді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданының Тасашы ауылында бүгін республикалық референдумға 382 адам дауыс беруге құқылы. Таңғы сағат 7:00-де референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Ақ жаулықты әжелер шашу шашып, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Алдымен Қазақстан Республикасының әнұраны ойналып, жауапты комиссия мүшелері көпшілікке таныстырылды.

    №564 референдум учаскесінің төрайымы Нұргүл Абықанова:

    – Өзіміздің пікірімізді білдіретін жауапты күн. Алғашқы ашылуына келіп жатқан сіздерге үлкен рахмет! – дей келе мерекелік көңіл-күй сыйлаған «Ақ әжелер» тобына сыйлықтар үлестірді.
    Тасашы ауылдық округінің әкімі Ерболат Төребаев:
    -Біз үшін бүгін ерекше күн. Еліміз үшін, жалпы референдум – мереке. Сондықтан барлықтарыңызға өз пікірлеріңізді білдіруге шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! – деді ол.
    Ауыл ақсақалы Рамазан Мырзағалиев жиналғандарға бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, комиссия мүшелеріне ақ батасын берді.
    Референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып Әділғазы Бақытжан өз таңдауын жасады.
    – Бірлік әрқашан маңызды. Ел үшін маңызды істерге үлес қосуымыз қажет. Сондықтан әрбір саяси науқанда өз таңдауымды жасаймын. Мемлекеттің дамуы келешегіміз үшін қажет. Ұрпақтарымыз аман болсын! – деді ауыл тұрғыны.
    Айта кету керек, жалпы халықтық референдум уақыты таңғы 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін атқарады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,
    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ата-баба мұрасы – болашаққа бағыт береді
    15.03.2026
    Референдум учаскесінде – “Алтын адам”
    15.03.2026
    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы таңдауын жасады
    15.03.2026
    103 жастағы әже: «Дауыс беру – азаматтық парызым!»
    15.03.2026
    Мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалған
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>