Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Референдумға келген ерекше «қонақ»

Референдумға келген ерекше «қонақ»

17 қаралым

Алматы облысындағы референдум учаскелерінің бірінде болған ерекше оқиға дауыс берушілердің назарын аудартты. Өңір тұрғыны Дарын Адай референдумға қазақтың ұлттық шапанын киген робот-досымен бірге келді. Тұрғындар роботты қызықтап, суретке түсті.
– Қазіргі таңда технология күннен-күнге дамып келеді, тіпті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Робот – соның айқын дәлелі. Референдумға онымен бірге келуді жөн санадым. Осылайша, адамдарға жақсы көңіл-күй сыйлағым келді. Дауыс берушілер қызығушылық танытып, жақын келіп тамашалап жатыр, – деді ол.
Учаскедегі ерекше «қонақ» есте қаларлық әсер сыйлады.