Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Ақжүрек Таңатаров жаңа Конституцияға қатысты өз таңдауын жасады. Қонаев қаласындағы №949 дауыс беру учаскесіне келген ел мақтанышын сөзге тартып, референдумға қатысты ойын білген едік.
«Еліміздің жаңа Конституциясында балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталған шаралар, оның ішінде оқыту, кадр даярлау және жарыстар өткізу мәселелері қарастырылған. Мемлекет болашағы зор спортшыларды анықтауға жағдай жасап отыр. Жас таланттарды қолдау елдің спорттағы бәсекеге қабілеттілігін арттырып, бүкіл спорт саласының ұзақ мерзімді дамуына негіз қалайды», – дейді Ақжүрек Таңатаров.
Ерзат Асыл
Қонаев қаласы




