⛅
25°C
Қонаев
Жексенбі, Мамыр 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жыр алыбы Жамбылдың шөбересі белсенділік танытты

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Жыр алыбы Жамбылдың шөбересі белсенділік танытты
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Жамбыл ауылының тұрғындары референдумды ел болашағы үшін аса маңызды әрі жауапты қадам деп қабылдады. Таңсәріден бастап дауыс берушілер сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
    Жамбыл ауылы – тарихы терең, киелі мекендердің бірі. Бұл қасиетті топырақтан елге танымал көптеген тұлға түлеп ұшқан. Ауылдың рухани мәртебесін арттырып тұрған орындардың бірі – жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы. Мұнда жыл сайын мыңдаған адам арнайы келіп, тағылымды тарихқа үңіледі. Сондықтан Жамбыл ауылында өткенге тағзым, дәстүрге құрмет ерекше сезіледі.
    Алғашқылардың бірі болып дауыс беруге келгендердің қатарында Жамбыл Жабаевтың шөбересі, Халық ақыны Әлімқұл Жамбыловтың ұлы Мұратхан Жамбылов та болды. Ол сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы дәстүрлі киіммен келіп, көпшілік назарын аударды.
    – Мен референдумға мерекеге келгендей әсер алдым. Бұл күн еліміздің тарихындағы маңызды беттердің бірі болып қалатынына сенемін. Менің жерлестеріміз әрдайым белсенділігімен ерекшеленеді. Соған қуанамын, – деді ол.
    Осылайша, Жамбыл ауылының тұрғындары ел тағдырына бейжай қарамайтынын тағы бір мәрте дәлелдеп, референдум күні бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ортақ іске жұмылған күн
    03.05.2026
    Туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Балқаш өңірінде туристік аймақтар тазартылды
    02.05.2026
    Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
    02.05.2026
    Мәтібұлақта бұлақ көзі аршылды
    02.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>