⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жамбыл Жабаевтың ұрпағы референдумға келіп, үлкен өнеге көрсетті

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Жамбыл Жабаевтың ұрпағы референдумға келіп, үлкен өнеге көрсетті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS
    Жамбыл Жабаевтың ұрпақтары республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Бүгін таңның атысымен Жамбыл ауданының Жамбыл ауылында ерекше рухты күн басталды. Ұлттық киім киген өнерпаздар мен батырлар, көкпаршылар ауылдың орталық көшесімен жүріп өтіп, ауылға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
       Жыр алыбы ұлы Жамбыл Жабаевтың тікелей ұрпағы Салтанат Жамбылова бастаған Жамбыл атаның ұрпақтары өздерінің сайлау учаскелеріне барып, республикалық референдумда дауыс берді. Ата дәстүрін ардақтап, елдік құндылықтарды жоғары қоятын Жамбыл ақынның ұрпақтары маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, ел болашағына бей-жай қарамайтындарын көрсетті. Бірлігі жарасқан әулет ата аманатына адалдық танытып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қараудың өнегесін көрсетті.
    Ақынның немересі, әрі Жамбыл музейінің меңгерушісі Салтанат Жамбылова бұл шараның маңызы туралы былай деді: «Бүгін еліміз үшін маңызды күн – Қазақстандағы Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдум өтуде. Осындай тарихи сәтте біз, жыр алыбы Жамбыл Жабаев атамыздың ұрпақтары, оның музейіне келіп, рухына тағзым етуді жөн көрдік. Бұл күн тағы бір айтулы оқиғамен тұспа-тұс келіп отыр. Биыл Жамбыл атамыздың 180 жылдығы аталып өтуде. Халық даналығын жырмен жеткізген ұлы ақын ел бірлігі мен әділдікті, ынтымақ пен татулықты әрдайым жоғары қойған. Бүгінгі референдум да сол құндылықтарды нығайтып, еліміздің болашағын айқындайтын маңызды қадам. Әр азаматтың өз таңдауын жасап, ел тағдырына жауапкершілікпен қарауы – саналы қоғамның белгісі. Халқымыз аман, бірлігіміз бекем болсын!» – деді Салтанат Тезекбайқызы.
    Ол өзі көршілес Сарыбай би ауылындағы Қарасу орта мектебінің ғимаратында орналасқан №300 референдум учаскесінде дауыс берді. Ал Жамбыл ұрпақтарының осы ауданда тұратындарының басым көпшілігі ақын ауылындағы № 296 учаскеде өз таңдауларын жасады.
    Серік САТЫБАЛДИЕВ
    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Белсенділік таныту маңызды
    15.03.2026
    Байсерке ауылында дауыс беру ерекше форматта өтті
    15.03.2026
    Мүмкіндігі шектеулі жандар референдумнан шет қалмады
    15.03.2026
    Кегенде референдум күні ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды
    15.03.2026
    Көкпаршылар бюллетень салды
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>