⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰОС ардагері референдумда бата берді

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    ҰОС ардагері референдумда бата берді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұйғыр ауданындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінен қалған жалғыз қария – 103 жасқа қараған Алим ата Кебиров бүгінгі референдумда өз таңдауын жасады.

    Ұлы Отан соғысына қатысып, елге аман-есен оралып, зейнет жасына жеткенше еңбек етіп, ел экономикасының өркендеуіне үлес қосқан қария осы уақытқа дейін ешбір саяси науқаннан қалыс қалған емес.

    Ұйғыр ауданы Бахар ауылында орналасқан №921 дауыс беру учаскесіне Алим атамыз өзі келіп, таңдауын жасады. Көзі қарақты, күнделікті жаңалықтан хабардар атамыз Мемлекет басшысының әрбір бастамасына қолдау білдіретінін айтты. «Конституция – еліміздің басты құжаты ғой. Біздің бейбіт заманда өмір сүруіміздің де кепілі. Біз сол құжат арқылы дамимыз, өсеміз. Заман дамыған сайын бір орында тұрақтап қалуға болмайды емес пе? Сондықтан өзгеріс қажет. Жасым келсе де әлі күнге дейін елімізде болып жатқан әр өзгеріске, әр жаңалыққа ден қоямын. Біздің жастығымыз соғыстың өртіне шырмалды. Талай достарымыз, бауырларымыз соғыс даласынан қайтпады. Қазір де әлемдегі жағдайға алаңдап, еліміздің аман, жұртымыздың тыныш болуын тілеп отырамын. Өйткені соғыс ешкімді де аямайды. Жаспысың, кәрімісің, баламысың демейді. Ал біздің бейбіт заманда, бірлігі мен татулығы жарасқан мемлекетте өмір сүруімізге Мемлекет басшысының үлесі зор. Сол себепті де мен ол кісінің бастамасына қолдау көрсетемін. «Бөлінгенді бөрі жейді» дейді. Ел ішінде ауызбіршілік болмаса, ұрыс-керіс болса, дамымаймыз. Бізге ұрыс емес, бірлік керек. Тыныш заманымыздың, бейбіт күніміздің қадірін білейік, балаларым. Болашағымызға немқұрайлы қарамайық. Бұл елдің дамуына, алдыңғы қатарлы мемлекет болуына еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін үлес қосуы керек. Сол себепті де мен өзім келіп, дауыс беріп, таңдауымды жасадым. Еліміз аман, бейбіт заман болсын» – деп ғасыр жасаған қария ақ батасын берді. Елімізде болып жатқан оң өзгерістерге көңілінің толатынын айтты. Сонымен қатар бүгінгі тарихи күннің сәтті өтуін тіледі.

    Анар Дүйсенбайқызы

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Чемпиондар отбасы өз таңдауын жасады
    15.03.2026
    Мәні терең саяси науқан ұлттық дәстүрмен үйлесім тапты
    15.03.2026
    Белсенділік таныту маңызды
    15.03.2026
    Байсерке ауылында дауыс беру ерекше форматта өтті
    15.03.2026
    Мүмкіндігі шектеулі жандар референдумнан шет қалмады
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>