Бүгін 15 наурыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған референдум барысында ерекше оқиға орын алды. Қарасай ауданының «Эндуро» мотоциклістер клубының мүшелері сайлау учаскесіне өздерінің темір тұлпарларымен топтасып келіп, азаматтық таңдауларын жасады. Еркін рух пен адреналинді жаны сүйетін спортшылар бұл жолы ел болашағы үшін маңызды қадам жасап, қоғамдық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Клуб өкілдері референдумды қолдау мақсатында шағын мото-шеру ұйымдастырып, белгіленген сайлау учаскесіне келді.
«Біз үшін еркіндік пен жауапкершілік — егіз ұғым. Мотоцикл тізгінінде біз жол таңдасақ, бүгін референдумда еліміздің болашақ бағытын таңдап жатырмыз. “Эндуро” клубы әрқашан мемлекеттік маңызы бар бастамаларды қолдайды. Біздің дауысымыз — ертеңгі тұрақтылық пен дамудың кепілі», — деп атап өтті клуб өкілі.
Бүгінгі қадам — спорт пен патриотизмнің ұштасқан сәті болды.




