☀️
5°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Референдум: Қонаевта ағаш отырғызу акциясы өтті

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Референдум: Қонаевта ағаш отырғызу акциясы өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Референдум күні Қонаев пен Алатау қалаларында экологиялық бағыттағы игі бастама – ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Бұл шара тұрғындардың қоғамдық белсенділігін арттырумен қатар, қоршаған ортаны қорғау мен қаланы көгалдандыруға бағытталды.
    Облыс орталығы Қонаев қаласындағы Б.Соқпақбаев атындағы орталық саябағында өткен акцияға қала тұрғындары, белсенді жастар мен түрлі ұйым өкілдері қатысты. Шара барысында саябақ аумағына 15 көшет егіліп, қаланың жасыл желегін көбейтуге үлес қосылды. Шара көктемнің жаңаруымен тұспа-тұс келген Наурыз мерекесінің мәнімен үндесіп, табиғатты қорғау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталды. Сонымен қатар акция елімізде жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын қолдауға арналды. Осы орайда Қонаев қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жеңіс Төребеков: «Бүгінгі акцияның басты мақсаты – қаламызды көгалдандырумен қатар, тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыру. Референдум күні ұйымдастырылған бұл шара азаматтарды бірлікке, ортақ іске үлес қосуға үндейді. Қаламыздың жасыл аймағын көбейту – баршамызға ортақ міндет, – деп бұл бастама тек табиғатты көгалдандыру ғана емес, сонымен бірге қоғамдағы жаңару мен оң өзгерістердің символы екенін тілге тиек етті.
    Игі шара Алатау қаласында да жалғасын тапты. «Референдум аллеясында» тұрғындар мен еріктілер ағаш көшеттерін отырғызды. Алатау қаласының ішкі саясат бөлімі басшысы Ардагер Ақжігітовтің айтуынша, аталған акция қала аумағын көркейтіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғаудың жауапкершілігін арттырады. «Референдум аллеясында» қолға алынған игі іс – бүгінгі маңызды күннің символдық белгісі. Мұндай шаралар тұрғындарды табиғатты аялауға шақырып, қаламыздың көркін арттыра түсетіні анық, – деді Ардагер Өркенұлы. Акцияға қатысқан жастар қала тұрғындарын табиғатты аялауға және қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.

    Құралбек Сәбитов

    Соңғы жаңалықтар

    Алматы облысында 700 мыңнан астам тұрғын дауыс берді
    15.03.2026
    Қоғамдық кеңес төрағасы ұстанымын білдірді
    15.03.2026
    Іле ауданында «Ана бейнесі» фотокөрмесі ұйымдастырылды
    15.03.2026
    Референдум: Қонаевта қоғамдық көлік тегін қатынады
    15.03.2026
    Алматы облысында бір көшенің тұрғындары түгел таңдау жасады
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>