15 наурыз күні Алматы облысында түнгі сағат 00:00 мен күндізгі 12:00 аралығында 24 сәби дүниеге келді. Оның ішінде 13 ұл және 11 қыз бала бар.
Жалпы, Алматы облысы – республика бойынша туу көрсеткіші жоғары өңірлердің бірі. Өңірде жыл сайын дүниеге келетін сәбилер саны бойынша алдыңғы қатардан көрініп келеді. Биылғы жылдың алғашқы екі айында облыста 2968 бала өмірге келген.
Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серикбаеваның айтуынша, өңірде ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
«Алматы облысында туу көрсеткіші тұрақты түрде жоғары деңгейде сақталып отыр. Біздің өңірде республика бойынша ең көп бала дүниеге келетін аймақтардың бірі. Ана мен бала денсаулығын қорғау, қауіпсіз босандыру және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру – денсаулық сақтау саласының басты басымдықтарының бірі. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде жаңа туған сәбилер саны жылдан жылға өсіп келеді», – деді Лейла Серикбаева.
Айта кетейік, 2025 жылы Алматы облысында барлығы 27 131 сәби дүниеге келген.




