☀️
3°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенділік таныту маңызды

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Белсенділік таныту маңызды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Балқаш ауданы, Миялы ауылындағы №101 дауыс беру учаскесінде белгілі қоғам қайраткері Тынышбай Досымбеков референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Маңызды қоғамдық-саяси науқанға белсенді түрде қатысқан ол азаматтарды ел болашағына бейжай қарамауға шақырды.
    Учаскеге келген Тынышбай Досымбеков дауыс беру рәсіміне қатысып, өз азаматтық борышын орындады. Оның айтуынша, референдум – елдің даму бағытын айқындайтын маңызды қадамдардың бірі. Сондықтан әрбір азамат мұндай тарихи сәтте белсенділік танытуы қажет.
    – Бүгінгі референдум – ел өміріндегі маңызды саяси оқиға. Әрбір азамат өз таңдауын жасап, қоғамның дамуына үлес қосуы тиіс. Біз болашақ ұрпақтың игілігі үшін жауапты шешім қабылдайтын кезеңде тұрмыз, – деді ол.
    Тынышбай Досымбекұлы тұрғындарды қоғамдық маңызы бар шараларға бейжай қарамай, өз құқықтарын пайдаланып, дауыс беруге шақырды. Оның пікірінше, халықтың белсенділігі елдегі демократиялық үдерістердің нығаюына ықпал етеді.
    Айта кету керек, №101 референдум учаскесінде дауыс беру үдерісі талапқа сай ұйымдастырылып, сайлаушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Азаматтар кезек-кезегімен келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Балқаш ауданының Миялы ауылында 617 ден астам сайлаушы бар. Миялы секілді шағын ауылдарда референдумға қатысу әр адамның белсенді азаматтық ұстанымын көрсетеді және ауылдың, ауданның, тіпті бүкіл өңірдің болашағына әсер етеді.

    Соңғы жаңалықтар

    Ерекше ұсыныс жасалды
    15.03.2026
    Мәдениеті өзгеше, таңдауы ортақ
    15.03.2026
    Әлемдік бокс турнирлерінің жүлдегері Ригина Тибенова референдумда өз таңдауын жасады
    15.03.2026
    Орманшылар әулетінің мүшесі Айболат Солтанғазиев дауыс берді
    15.03.2026
    «Жасыл қала» жарқын болашаққа сенеді
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>