Перейти к содержимому

Спортшының азаматтық борышы

Андрей Самарин Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында грек-рим күресінен 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды. Финалдық белдесуде ол ирандық спортшы Мехди Бакшиді 11:1 есебімен жеңіп, Сурдлимпиада ойындарының чемпионы атанды.

21 жастағы Андрей Самарин — Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылының тумасы. Ол бұған дейін жастар арасында өткен 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы атанған және 2024 жылы Малайзияда өткен Х Азия-Тынық мұхиты ойындарында да топ жарған.

Бүгін ол өз таңдауын жасау үшін келді. Спортшы мұны өзінің азаматтық борышы әрі еліміздің болашағы үшін жауапкершіліктің көрінісі деп санайды.