Кеген ауданында Республикалық референдумда алғаш рет дауыс беріп жатқан жастар бар. Бүгін Бөлексаз ауылдық округінде, дәл референдум күні 18 жасқа толған Айшуақ Ерболқызы №562 референдум учаскесінде алғаш рет дауыс берді. Бұл тарихи сәтке анасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Жас сайлаушы азаматтық борышын абыроймен орындап, өз ауылының болашағына таңдау жасады.
– Референдумға келген сәттен бастап, ұйымдастыру жағы тамаша болды. Өзімнің даусымды бердім және бірінші рет. Әрине, қобалжу болды. Бірақ еліміз үшін маңызды шешім болғандықтан, өзімді қолға алып, ойланып, өз дауысымды бердім.Себебі, ұрпақ үшін де, барлығы үшін де қажет қадам, – дейді қоғамдық маңызды іс-шараға алғаш рет қатысып отырған Айшуақ Ерболқызы.
Референдумға қатысуды азаматтық борышымыз деп білетін жастар қоғамның қозғаушы күші екені анық.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы




