Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Талғат Байеділов Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде орналасқан №123 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
«Бүгін – ел тарихында қалатын ерекше күн. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының ашық қоғам, әділетті Қазақстан құру жолындағы бұл бастамасы елдің болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам. Жаңа Конституцияны қабылдау халықтың таңдауына берілді. Яғни бұл науқан азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік жасап отыр. Ел болашағының жарқын болуы, еліміздің қарыштап алға дамуы Қазақстанның әр азаматы жасаған таңдауға тікелей байланысты. Сондықтан бүгін ауданымыздың әр тұрғыны азаматтық жауапкершілігін сезініп, таңдауын жасайтынына сенімдімін», – деген аудан әкімі Талғат Ескендірұлы референдум учаскесіндегі ерекше мерекелік атмосфераға оң бағасын берді.
Құралай МҰРАТҚЫЗЫ
Еңбекшіқазақ ауданы




