Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Референдум: Қонаевта қоғамдық көлік тегін қатынады

Референдум: Қонаевта қоғамдық көлік тегін қатынады

80 қаралым

Республикалық референдум күні Қонаев қаласында тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін қоғамдық көлік тегін қызмет көрсетті.

Бүгін қала көшелерінде барлығы 30 автобус қатынап, 9 бағыт бойынша жолаушыларға қызмет көрсетті. Оның ішінде 4 бағыт елдімекендер арасында, ал 5 бағыт қалаішілік бағыттарды қамтыды.

Тегін қоғамдық көлік қызметі әсіресе қарттар, студенттер мен шалғай ауылдарда тұратын тұрғындар үшін қолайлы болды.

Жауапты мамандардың айтуынша, мұндай шаралар тұрғындардың қоғамдық-саяси науқандарға белсенді қатысуына жағдай жасайды.

↑