Облыс орталығында күндізгі ауысымнан шыққан «Жасыл қала Қонаев» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ұжымы түгелдей референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Бүгінде аталған мекеме қаланы көгалдандыруға, қоқыс шығаруға, қардан тазартуға зор үлес қосып келеді. Ұжым мүшелері елдегі саяси науқандарға қатысу – саналы азаматтың ұстанымы екенін сөз етті.
«Референдум – бұл болашаққа бағытталған таңдау. Біз тұрғындарға жанға жайлы, жасыл қала ортасын жарату үшін еңбек етіп келеміз. Жұмыс қауырт болса да, саяси науқанға қатысуды өзіміздің азаматтық борышымыз деп білеміз. Қазір Президенттің «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Аумақтарды тазалау акцияларынан бастап экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған ағартушылық жобаларға дейінгі шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі жалпы халық атсалысқан референдум сенімізді тіптен нығайта түсті » – дейді елдегі зор саяси бастамаға өз үнін қосқан коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері.




