Республикалық референдум күні әлемдік бокс турнирлерінің жүлдегері, танымал спортшы Ригина Тибенова азаматтық белсенділік танытып, референдум учаскесіне келіп дауыс берді.
Белгілі спортшы бұл күннің ел болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, әрбір азаматтың қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы мемлекет дамуы үшін маңызды екенін жеткізді.
Ригина Тибенова референдумға қатысу — әр азаматтың жауапкершілігі мен ел тағдырына деген бейжай қарамайтын көзқарасының көрінісі екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай маңызды саяси науқандарда халықтың белсенділігі елдің тұрақты дамуына оң ықпал етеді.
«Әр азаматтың дауысы – елдің ертеңіне қосылған үлес» – деп атап өтті спортшы.
Белгілі спортшының референдумға қатысуы жастарға үлгі болып, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің артуына ықпал ететіні сөзсіз.




