Референдум учаскелерінде дауыс беру аяқталды, учаскелік комиссиялар дауыстарды санауға кірісті.
Дауыстарды санау учаскелік комиссиялар тарапынан ашық және жария түрде, байқаушылардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Дауыстарды санау аяқталғаннан кейін әрбір учаскеде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасалады.
Одан кейін хаттамалар аумақтық референдум комиссияларына жіберіліп, облыс бойынша республикалық референдум нәтижелерін жинақтау және анықтау жүргізіледі.
Республикалық референдумның қорытындыларын Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы шығарады.
Егер референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан жағдайда, референдум өтті деп есептеледі.
Референдумға шығарылған мәселе бойынша шешім, егер дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан көбі оны қолдап дауыс берген жағдайда, қабылданды деп есептеледі.




