⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарихи күннің маңызын сезінуге мүмкіндік берді

    16.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз, Референдум
    Тарихи күннің маңызын сезінуге мүмкіндік берді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    15 наурыз еліміз үшін ерекше күн болды. Жерлестеріміз жоғары азаматтық белсенділік танытты. Өйткені дауыс беру учаскелеріне келгендердің саны соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болды.

    Таңертеңнен бастап учаскелердің алдында қалыптасқан кезектерге қарамастан өз борышын орындауға келген азматтардың көңіл-күйі көтеріңкі болды. Адамдар отбасыларымен бірге келіп жатты. Шапан мен камзол киген ата-әжелер, олармен бірге қалыспай келген немерелері, енді ғана отау құрған жас жұбайлар дауыс беру жәшіктеріне қызыға қарап тұрды. Менің байқағаным, көпшілік үшін референдумға қатысу саналы түрде ұйымдастырылған отбасылық оқиғаға айналды. Ата-аналар балаларына не болып жатқанын, азаматтық жауапкершіліктің не екенін және бүгінгі күннің маңызы туралы түсіндіріп, оларға тарихи күннің бір бөлігі екенін сезінуге мүмкіндік берді.
    Мемлекет басшысы бұл күннің ел үшін тарихи маңызға ие екенін атап өтті. «Қазақстан үшін тарихи күн! Бұл шешім дүние жүзі тарихында мәңгі сақталады. Енді жыл сайын 15 наурызды — Конституция күні, яғни еліміздің ең басты мерекелерінің бірі ретінде қарсы аламыз. Себебі Қазақстан халқы жаңару мен жаңғыру үшін дауыс берді» – деді Президент.
    Бұл референдумның қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін айғақтайды. Әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтардан келген сайлаушылардың көп болуы – осы мәселенің барлық азаматтар үшін ортақ маңызға ие екенінің дәлелі. Референдум қазақстандықтарға жаңа Конституция үшін дауыс беру мүмкіндігін ғана емес, одан да үлкен сезім сыйлады. Ол халыққа өз-өзін толық сезінуге мүмкіндік берді. Анығын айтсақ әр-алуан, көңілді, салмақты, жас әрі дана, бірақ ең бастысы – өз жеріне ерекше жанашырлықпен қарайтын біртұтас халықты көрсетті.

    Серік Надырбаев,
    «Алматы облысы білім беру мекемелері
    қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы»
    қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық филиалының төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    Халықтық мерекеге айналды
    16.03.2026
    Жаңа аллея – шаһар көркі
    16.03.2026
    Сенім жоғары
    16.03.2026
    Тұрғындар белсенділік танытты
    16.03.2026
    Өрт сөндіру бекеті ашылды
    16.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>