⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Алтын адам» келді

    16.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    «Алтын адам» келді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Елдің ертеңі, жарқын болашақ пен жайлы, қауіпсіз қоғам үшін еңбекшіқазақтықтар белсенділік танытып, таңертеңнен референдум учаскелеріне ағылды. Алға ауылында орналасқан №189 учаскеде алғашқылардың бірі болып, 102 жастағы Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Солтанбай Жарықбасов дауыс берді.

    Осы ауылда туып-өсіп, сұрапыл соғыста ел мен жерін жау қолынан қорғаған қарт соғыстан кейін елге келгенде де туған жерінің өркендеп-өсуіне өлшеусіз үлес қосты. «Осы жасыма дейін елімізде өткізіліп жатқан саяси науқанның ешқайсысынан сырт қалған емеспін. Оның халыққа берер пайдасын әрдайым саралап, сараптап отырамын. Бүгін елдің болашағы, жастардың қамы үшін маңызды шешім қабылданатын тарихи сәттің куәгері болып отырмыз. Бұл жалпыхалықтық референдумда жастар да белсенділік танытып жатыр екен. Өте құптарлық іс. Соғыс отын көзбен көргендіктен ел бірлігі, заман тыныштығынан асқан бақыт жоқ деп білемін. Сондықтан жаңа Конституция еліміздің келешегі үшін қызмет етіп, Тәуелсіздік тұғыры мәңгі биік болып, абырой, айбынымыз арта берсін! Көзінде оты, кеудесінде рухы бар жігерлі жастарымыздың қатары толсын!» – деп Солтанбай ақсақал жас ұрпаққа ақ батасын беріп, бейбіт күн, тыныш өмір тіледі.
    Еңбекшіқазақ ауданындағы барлық учаскеде референдум күні түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып жатты. «Алтын адам» әжелер ансамблі, «Жібек жолы» ансамблі, Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері, «Червона рута» украин әжелер ансамблі, «Тамсан» этно ансамблі, «Халықтық ұлт аспаптар» оркестрі өнерлерін паш етіп, көпшіліктің көңілін көтерді.
    Мәдениет үйінде ән мен күйден бөлек, дауыс беруге келген халық «Алтын адам» жастар драма театрының қойылымын да тамашалап, «Мен дауыс бердім» фотозонасы мен «Этно-Style Transformation» бұрышында қазақтың ұлттық киімдерін киіп, естелік суретке де түсіп жатты. Сондай-ақ Алтын адам болып киінген – Т.Молдағалиев атындағы аудандық Мәдениет үйінің Жастар драма театрында актер, әрі режиссер Жарқын Барақбаев та дауыс беруге келген халықтың қошеметіне бөленіп, таңданысын туғызды.
    «Ел Тәуелсіздігінің символы болған Алтын адамның мекені – Еңбекшіқазақ ауданы. Бұл өңірімізге ғана емес, елімізге мақтаныш. Алтын адам – аудан тарихының сонау тереңде жатқанын, әрі мұнда ерте заманнан қолөнердің биік деңгейде дамығанын бар әлемге айғақтаған айрықша тарихи жәдігер. Сондықтан еліміз үшін маңызы ерекше осындай күнде сайлау учаскесіне өз дауысымды беруге Алтын адамның бейнесінде келдім және мұны азаматтық ұстанымымды білдірудің ерекше тәсілі деп білемін», – деді Жарқын Мамырбекұлы.
    Ал Ақши ауылында қолөнер шебері, ұста Дәркембай Шоқпарұлы атындағы қолданбалы өнер музейінің қызметкерлері мен аудан қолөнершілері референдум учаскесіне келген ауылдастары үшін көрме мен жәрмеңке ұйымдастырды. Қолданбалы өнер музейінің директоры Дәулет Шоқпаров: «Бұл саяси науқанда қолөнершілердің көрмесі халықтың рухын көтеріп, әдемі атмосфера сыйлайтыны анық. Көрме-жәрмеңкеде жерлестеріміз тек өнерден ләззат алып қана қоймай, сонымен қатар қолөнершілермен бетпе-бет жүздесіп, сауалдарын да қойып, туындыларды жасау процесі туралы біле алды. Менің ойымша, мұндай іс-шаралар аймақтың мәдени ортасының дамуына ықпал етеді және халықты біріктіреді», – деді.
    Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындар тарихи маңызы зор оқиғаның қасиетті Рамазан айымен және «Наурызнама – 2026» жалпыұлт­тық онкүн­дігінің екінші күні – Қайырымдылық күнімен тұспа-тұс келуін ерекше символдық мәнге ие деп атап өтті. Өзара көмек пен қайырым­дылық күніне орай жанашыр тұрғындар мұқтаж отбасы­­ларға қолдау көрсетті. Игі істі аудан жастары жалғастырып, мемлекет­тік мекемелер, этномәдени бірлестіктер, депутаттар мен кәсіпкерлер белсене атсалысты.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    “Бірге кітап оқиық” – рухани шара
    16.03.2026
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады
    16.03.2026
    Халықтық мерекеге айналды
    16.03.2026
    Жаңа аллея – шаһар көркі
    16.03.2026
    Сенім жоғары
    16.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>