⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Береке бастауы – бірлікте

    16.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Береке бастауы – бірлікте
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдауға арналған референдумға Қарасай ауданының жұртшылығы үлкен дайындықпен келді. Бұл күні таң ата салысымен референдум учаскелеріне ағылған тұрғындар қатары осыны аңғартты.

    Аудандағы барлық сайлау учаскелері­нің алдында әсем әуен шырқылып, арнайы жасақталған сахналарда жергілікті өнерпаздар келушілерге тамаша көңіл-күй сыйлап жатты. Ал аудандық кітапхана мен Мәдениет үйінің жанынан ашылған жәрмеңкелерде ауыл шаруашылығы тауарларынан бастап, тәтті тағамдар мен қолөнер бұйымдары мерекелік ахуал қалыптастырды. Дауыс берушілер шарықтата шырқалған әндерден құлақ құрышын қандырып, осы күннен естелік ретінде түрлі әшекей бұйымдарын сатып алып жатты.
    – Қарасай ауданында 231468 сайлау­шы тіркелген. Олар 124 референ­дум учаскесінде дауыс береді. Барлық сайлау учаскелері талапқа сай жабдық­талып, дауыс берушілерге күнтізбелік жоспарға сай шақырту қағаздары мезгілімен жеткізілген. «Асыл арман» сияқты көп қабатты тұрғын үйлерден тұратын шағын аудандарда кіреберіске шақыртулар ілінді.
    Шетелдік бақылаушылардан алдын ала тапсырыс түспеді. Алайда «АMANAT» партиясынан, «Дауыс», «Тірек», «Жігер» қатарлы қоғамдық ұйымдардан тіркелген бақылаушылар барлық учаскелерде отырды десе болады. Жалпы референдум ешқандай тосын оқиғасыз, ұйымдасқан түрде өтіп, аудан халқының береке-бірлігін тағы бір көрсетті деп ойлаймын, – деді аудандық аумақтық сайлау комисиясының төрағасы Ғалия Аманова.
    Иә, тәуелсіз мемлекетіміздің басты құжатын қабылдауға қарасайлықтар немқұрайды қарамағаны байқалады. Мерекеге келгендей киінген жұртшы­лықтың біразы қазақтың ұлттық киімдері мен әшекейлерін жарнамалай келгені де елдік сана мен ұлттық рухтың асқақтай түскенін аңғартса керек.
    – Мен «АMANAT» партиясының өкілі ретінде қатыстым, – дейді №424 учаскесінің бақылаушысы Зәмира Жуасбаева референдумның өту барысы жайлы пікірін сұрағанымызда. – Дауыс беру ешқандай құқықбұзушылықсыз, заң талаптарына сай өтті. Адамдардың көтеріңкі көңіл-күйінен олардың қабыл­данайын деп жатқан Ата Заңға деген ризашылығын байқадым. Демек, біз дұрыс жолды таңдадық деген сөз.
    Бұл күні біз аралаған референдум учаскелерінің барлығында да осындай мерекелік ахуал сезіліп тұрды. Дауыс беруге келушілердің қатары артқаны – қазақстандықтардың мемлекет болашағы мен өз өмірі мен саяси өзгеріске жауап­кершілігінің артқаны деп ұқтық.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Наурызнама акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
    16.03.2026
    “Бірге кітап оқиық” – рухани шара
    16.03.2026
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады
    16.03.2026
    Халықтық мерекеге айналды
    16.03.2026
    Жаңа аллея – шаһар көркі
    16.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>