⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Наурыз 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Халықтық мерекеге айналды

    16.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Референдум
    Халықтық мерекеге айналды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Іле ауданында референдум күні ерекше акциялар ұйымдастырылды. Күрті ауылдық округіндегі №417 референдум учаскесінде өткен «Шұбат party» атты ерекше акцияда дауыс беру үшін келген тұрғындарға қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі сусыны ұсынылды.

    Табиғи әрі пайдалы бұл ұлттық сусын тұрғындарға тегін таратылып, учаскеде ерекше мерекелік көңіл-күй қалыптасты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастама тұрғындардың көңілін көтеріп қана қоймай, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге де бағытталған. Учаскеге келген азаматтар дауыс беру рәсімінен кейін бір-бірімен әңгімелесіп, шұбаттан дәм татып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
    Ұлттық құндылықты ұлықтаған шараның бірі Асқар Тоқпанов ауылдық округінде жалғасын тапты. №42 мектеп ғимаратында орналасқан референдум учаскесіне келген тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамы – ыстық бауырсақ таратылды. «Бауырсақ party» деп аталған шағын мерекелік шара дауыс беруге келген ауыл тұрғындарын бір ортаға біріктіріп, татулық пен ауызбіршіліктің көрінісіне айналды.
    Референдум күні өңір учаскелерінің бірінде «Ана бейнесі» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеде ананың мейірімі мен қоғамдағы рөлін бейнелейтін фотосуреттер мальберттерге орналастырылып, келушілер назарына ұсынылды. Дауыс беруге келген тұрғындар көрмені тамашалап, фотосуреттер арқылы анаға деген құрметті сезініп, отбасы құндылықтарының маңызына мән берді.
    Іледегі игі шаралар референдум күні толассыз жалғасып жатты. Бірқатар учаске маңында «Денсаулық – зор байлық» атты медициналық акция ұйымдастырылды. Акция барысында медицина қызметкерлері тұрғындардың қан қысымын өлшеп, денсаулығын тексерді. Сонымен қатар азаматтарға скринингтік тексерулердің маңызы, аурулардың алдын алу жолдары және салауатты өмір салтын ұстану турасында ақпарат берді.
    Боралдай кентінде тұрғындар үшін арнайы жеңілдіктер ұйымдастырылды. «Наурыз SALE» атты акция аясында кенттегі бірқатар ірі сауда орындары тауар бағаларын төмендетіп сатты. Акцияға Magnum, Toimart және басқа да дүкендер қосылып, азық-түлік пен күнделікті тұтынатын бірқатар тауарларға жеңілдік ұсынды. Бұл күн Өтеген батыр ауылының тұрғындары үшін учаскеге «Аңдар шаһары» мультфильмінің кейіпкерлері келуімен де есте қалды. Бұл, әсіресе, жастар үшін тосынсый болды.
    Референдум барысында өңірдегі учаскелерде жағымды әсер қалыптасты. Бұл күн тұрғындардың басын біріктірген нағыз халықтық мерекеге айналды.

    Ермұрат Мұқырбай
    Іле ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Наурызнама акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
    16.03.2026
    “Бірге кітап оқиық” – рухани шара
    16.03.2026
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады
    16.03.2026
    Халықтық мерекеге айналды
    16.03.2026
    Жаңа аллея – шаһар көркі
    16.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>