⛅
7°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ

    16.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Лебіз, Референдум
    ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІН КӨРСЕТТІ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    15 наурыз еліміз үшін ерекше маңызды күн болды. Қазақстандықтар жалпыұлттық референдумға қатысып, жаңа Конституция жобасына дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Қазақстан Компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы қызметін ширек ғасырға жуық атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін еншілеген қаланың жұртшылығы да осынау маңызы зор саяси науқанға белсене қатысып, жоғары жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті. 

    Күн жексенбі болғанына қарамастан, облыс орталығы тұрғындары таңмен таласа референдум учаскелеріне қарай ағылып жатты. Әсіресе күн найза бойы көтерілгеннен бастап түс ауғанша лек-легімен келіп, учаскелерде кезек пайда болды. Оған сол күні қалаішілік бағыттағы автобустардың жолаушыларды тегін тасымалдағаны да септігін тигізгені анық.

    Кеңестік тәрбиемен шыңдалған өзім Мәдениет үйінде орналасқан №949 референдум учаскесіне сағат 6-дан өте барып алдым. Сөйтіп, дауыс беруге келген ең алғашқы сайлаушы атандым. Учаскелік комиссия төрағасы Ардақ Төлегенова учаскені ашылуына орай менен бата сұрады. Қазақ халқы әрбір игі істі батамен бастаған ғой. «Наурызнама» онкүндігімен тұспа-тұс келген мәні терең шараны ата дәстүрден ауытқымай, батамен бастауды жөн санаған Ардақ Нұржанқызына риза болып, ақ батамды бердім.

    Ретрокөліктермен шерулетіп келіп, ел болашағы үшін таңдауын жасаған «Тұлпар» ретросалонының басшысы, белгілі кәсіпкер, меценат, Қонаев қаласының Құрметті азаматы Мұратбек Сіргебаев халықтың көңіл-күйін көтеру мақсатында автошеру ұйымдастырды. Ретрокөліктерге мінген «Әжелер» ансамблі және бір топ өнерпаз барлық референдум учаскелерінің алдында өз өнерлерін ортаға салды. Сонымен қатар қаладағы ардагерлер кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері дауыс беруге белсене қатысып, кейінгі буынға үлгі көрсетті.

    «Politico.kz» сайтының хабарлауынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдум барысында жүргізілген экзит-полл қорытындысымен танысып, мәлімдеме жасаған. Онда Мемлекет басшысы ел азаматтары конституциялық реформаны қолдап, референдумға белсенді түрде қатысқанын, экзит-поллдың нәтижелеріне сәйкес қазақ елі түбегейлі тарихи таңдауын жасағанын, енді жыл сайын 15 наурызды Конституция күні ретінде еліміздің ең басты мерекесінің бірі болатынын мәлімдеген.

    Дана халқымызда «Ел бірлігі – ең асыл қасиет» деген қанатты сөз бар. Әлемге татулықтың жарқын үлгісін паш етіп отырған еліміздегі бірлік пен тұрақтылықтың арқасында жүйелі жұмыс пен жасампаз жетістікке әрдайым куә болып жүрміз. Кешегі өткен референдумда халықтың ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық ұстанымдарына берік болуы – соның айғағы.

    Базарбай ОРАЛБАЕВ, 

    республиалық ардагерлер ұйымының және «Ауыл» партиясы Қонаев қалалық филиалының төрағасы

    Соңғы жаңалықтар

    «AMANAT» партиясы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Үндеу жасады
    17.03.2026
    Орталық референдум комиссиясы: жаңа Конституция қабылданды
    17.03.2026
    Наурызнама акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
    16.03.2026
    “Бірге кітап оқиық” – рухани шара
    16.03.2026
    Алматы облысында «AMANAT» партиясы үгіт-насихат материалдарын жинау акциясын бастады
    16.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>