☀️
17°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Шекарашы ардагерлер Наурызды тойлады

    28.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мереке
    Шекарашы ардагерлер Наурызды тойлады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Наурыз – ежелден келе жатқан, Шығыс халықтары үшін береке мен бірліктің нышаны саналатын ортақ мереке. Күн мен түн теңелетін Ұлыстың ұлы күнін Қазақстан халқымен бірге ел шебін күзетіп жүрген шекарашылар да ерекше форматта атап өтті. Ал шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалына жақында жаңа басшы тағайындалған болатын. Бұл – застава бастығының орынбасарынан ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарына дейінгі жауапты қызмет баспалдақтарынан өткен запастағы полковник Назым Мұздыбаев.

    Өзінің саналы ғұмырын ел шебінің тыныштығына арнаған сардар шекарашы ардагерлердің мүддесін қорғаумен бірге жастарды патриоттық рухқа тәрбиелеу ісін жалғастыруды мақсат тұтқан қоғамдық бірлестіктің мегаполистегі филиалын басқаруға кіріскен Назым Қабдешұлы Наурызнаманың есте қаларлықтай өтуіне ұйытқы болды.

    Шекарашы ардагерлер мен олардың жанұя мүшелеріне мерекелік көңіл-күй сыйлаған шара Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасының спорт алаңында өтті. Ал бізді мұнда көшпенділердің «логотиві» саналатын киіз үйдің орнына орнатылған әскери шатыр қарсы алған. Әскерилерге әбден «көзтаныс» болып кеткен шатырдың алдына үлкен қазан орнатылыпты. Айналасында жүрген адамдардың ішінен Толқынжан Мурзаев біздің көзімізге оттай басылған. Толқынжан 1994 жылдың қыркүйегінде тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан Раджан Батырхановтың қаруласы, әрі сол бір күші тең емес ұрыста бірге болған ат төбеліндей жауынгерлердің бірі. Сондағы жауынгер бүгін бізге өзбектің палауын дайындаудың қамына білек сыбана кірісіп кеткен.

    Сағат он бірге белгіленген той-думан қашан ән мен бисіз болған?.. Бұған қоса, ардагерлердің немерелерін мұнда серуендеуге арналған «ақалтеке» мен екі түйе күтіп тұрса… Тағы шахмат, сосын анадай жерде құдды жыланша ирелендеп жатқан арқан да бүгінгі қызықтың аттың үстінде, түйенің қомында серуендеумен бітпейтінінен белгі беріп тұр еді. Өзі де солай болды.

    Бүгінгі шараның басы-қасында жүрген Назым Қабдешұлы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтауы мұң екен, мерекелік концерт те басталып кете барды. Ал әншілер Шекара қызметінің қос жұлдызы Дастан Сенбаев пен Қайыржан Қарақұлов еді. Екеуі де киелі сахнаның көркін кіргізіп, талай аламан бәйгелерде топ жарған шекарашылар. Қазір де олар салған әндер ардагерлердің делебесін қоздырып, әскери шатырдың алдын әп-сәтте би алаңына айналдырды. Әсіресе, Қазақбай аға Ертышпаев пен Мирулло Зайдуллаевтардың билерін қызыға тамашаламау мүмкін емес-тін… Тіпті Қазақбай аға туған жері Қостанай жастарының әскерге аттанар кездегі «Әнұранына» айналған тамаша әнді өзінің мұңды дауысына салып, нақышына келтіре орындаған кезде дуылдата қол соқпаған жан қалмаған шығар.

    Бұл кезде бүлдіршіндер екі түйеге мініп, серуендеуді бастап жіберіп еді. Ал түйенің бұйдасын балалармен бірге үлкендерге де қуаныш сыйлаған Сәкібаев Слямбай аға ұстаған. Тегі айтып тұрғандай, ағамыз шекарашылар әулетінен шыққан. Дегенмен, өзінің туыстары секілді шекарашы болмаса да жүрегі «шекара» деп соғатын патриот екені, әңгіме ауанынан бірден сезілген.

    Айтпақшы, ата-әжелерімен бірге келген балақайлардың ішінен Аллияр есімді бүлдіршін атақты Каспаровтың ізбасары болуға сұранып тұрған шахматшы болып шықты. Өзі №56-шы физика-математика пәндерін тереңдетіп оқытатын гимназияның бірінші сынып оқушысы көрінеді. Сол Аллияр Зинидин өзін шахматтың білгірі санайтын бірнеше ардагермен сайысқа түсіп, жеңіп кеткенін көріп, риза болдық.

    Осылайша, бірнеше сағатқа созылған мерекелік шараның соңы бүгінгі думанның «бас аспазы» Толқынжан Мурзаевтың дәмі тіл үйіретін палауы мен жеті дәмнен дайындалған наурыз көже, бауырсақ, жент, құрт қойылған дастарқанға ұласқан. Бір сөзбен, Қарасай ауданы бойынша шекара басқармасында өткен Наурыз мерекесі – саналы ғұмыры ел шебімен астасқан сардарларға өлшеусіз қуаныш сыйлады.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА, 

    ҰҚК Шекара қызметі 

    Алматы облысы бойынша департаменті

     

    1 of 6
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    Соңғы жаңалықтар

    Алатау қаласында жалпыхалықтық сенбілік өтті
    28.03.2026
    «Таза Қазақстан»: Қонаевта 3000 түп ағаш отырғызу жұмысы басталды
    28.03.2026
    «Көктем-2026» шақырылымы – шекарада!
    28.03.2026
    Шекарашы ардагерлер Наурызды тойлады
    28.03.2026
    Махаббат мәні
    28.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>