⛅
13°C
Қонаев
Дүйсенбі, Наурыз 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Басты мақсат – ашықтықты қамтамасыз ету

    30.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Сұхбат
    Басты мақсат – ашықтықты қамтамасыз ету
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Сәуірдің 1-інен бастап елімізде мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңа тәртібі енгізілмек. Бұл жаңашылдық мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттырып, іріктеу процесін барынша жедел әрі ашық етуге бағытталған. Осы орайда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айзада Ерланқызымен жаңа жүйенің ерекшеліктері туралы сұхбаттасқан едік.

    – Айзада Ерланқызы, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібіне қандай өзгерістер енгізілетіні туралы айтып берсеңіз.
    – Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа цифрлық форматы енгізіледі. Бұл жүйе конкурстық кезеңдерді оңтайландырып, рәсімдердің мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Ендігі жерде бос лауазымдарды 5-7 жұмыс күні ішінде толтыру көзделіп отыр. Оның ішінде құжаттарды қабылдау мен қарау 3 жұмыс күніне, ал конкурстық рәсімдер 3-4 жұмыс күніне жоспарланған. Сонымен қатар жеке қасиеттерді бағалау кезеңі конкурстан тыс өткізіліп, бұрын қолданылған SHL тестілеуі алынып тасталады. Барлық кезеңнің электронды форматта өтуі процестің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.
    – Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар қандай кезеңдерден өтеді?
    – Мемлекеттік қызметке орналасқысы келетін азаматтар бірнеше іріктеу сынынан өтеді. Алдымен мемлекеттік тілді және заңнаманы білуге арналған тестілеу тапсырады. Бұдан бөлек, үміткердің кәсіби қызметке бейімділігін анықтау үшін жеке қасиеттерін бағалау жүргізіледі. Айта кету керек, бұл тестілеулерді кандидаттар конкурсқа қатысқанға дейін бір рет алдын ала тапсыра алады. Бұл тәсіл олардың білім деңгейімен қатар, тұлғалық және кәсіби қабілеттерін кешенді бағалауға мүмкіндік береді.
    – Заңнаманы білуге арналған тестілеу қалай жүргізіледі?
    – Тестілеу Қазақстан Республикасының негізгі нормативтік-құқықтық актілерін қамтиды. Атап айтқанда, Конституция, Мемлекеттік қызмет туралы Заң, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заң және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі бойынша сұрақтар енгізілген. Жалпы саны 55 сұрақтан тұратын тестілеуден өту үшін үміткер кемінде 30 дұрыс жауап беруі тиіс. Сонымен қатар әрбір құқықтық акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауап болуы міндетті. Бұл талаптар заңнаманы жан-жақты меңгеруді қамтамасыз етеді.
    – Жеке қасиеттерді бағалау тестілеуі қалай ұйымдастырылады?
    – Жеке қасиеттерді бағалау үш түрлі бағдарлама бойынша жүргізіледі. Біріншісі – басшылық лауазымдарға арналған. Мұнда көшбасшылық, стратегиялық ойлау, жауапкершілік және шешім қабылдау секілді 10 негізгі құзырет бағаланады. Екінші бағдарлама – басшылық емес әкімшілік лауазымдарға бағытталған. Онда күнделікті қызметте қажет 7 құзырет қамтылған. Ал үшінші бағдарлама жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі лауазымдарға арналған. Бұл деңгейде үміткердің эмоционалдық тұрақтылығы, қарым-қатынас дағдылары және логикалық ойлау қабілеті сараланады.
    – Тестілеу нәтижелері қанша уақытқа дейін жарамды болады?
    – Заңнаманы білу және жеке қасиеттерді бағалау нәтижелері бір жыл бойы жарамды болып есептеледі. Осы уақыт аралығында үміткерлер түрлі конкурстарға қатыса алады. Сонымен қатар жеке қасиеттерді бағалау тестін айына үш ретке дейін қайта тапсыру мүмкіндігі қарастырылған.
    – Конкурсқа қатысу үшін құжаттар қалай тапсырылады?
    – Құжаттар толықтай электронды форматта, жеке кабинет арқылы жолданады. Қажетті мәліметтерді eGovMobile және Kaspi.kz мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Алайда білім туралы құжаттардың қосымшаларын міндетті түрде тіркеу қажет. Бұл тәсіл қағазбастылықты азайтып, процесті жеңілдетеді.
    – Конкурсқа қанша кандидат жіберіледі?
    – Конкурсқа тест нәтижелері бойынша ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат қана өтеді. Бұл жүйе үздік үміткерлерді іріктеуге бағытталған.
    – Басшылық лауазымдарға үміткерлер үшін қандай қосымша кезеңдер қарас­тырылған?
    – Басшылық қызметке үміткерлер 250 сөзден аспайтын эссе жазып, бейнебайланыс арқылы әңгімелесуден өтеді. Эссе барысында олардың аналитикалық ойлау қабілеті бағаланса, сұхбат кезінде кәсіби тәжірибесі мен басқарушылық әлеуеті зерделенеді.
    – Ал басшылық емес лауазымдарға үміт­керлер қандай тапсырмалар орындайды?
    – Бұл санаттағы кандидаттарға практикалық тапсырмалар беріледі. Мысалы, аналитикалық жазба дайындау, ресми хат жазу немесе азаматтардың өтініштерін қарау сияқты тапсырмалар ұсынылады. Бұл олардың нақты жұмыс жағдайындағы қабілетін анықтауға мүмкіндік береді.
    – Практикалық тапсырмалар қалай бағаланады?
    – Тапсырмалар келесі жұмыс күні ішінде комиссия мүшелері тарапынан бағаланады. Жүйе барлық нәтижелерді автоматты түрде есептеп, ең жоғары балл жинаған кандидат жеңімпаз ретінде анықталады. Егер ұпайлар тең болса, еңбек өтілі мен білім деңгейі ескеріледі.
    – Жаңа өзгерістерді енгізудегі басты мақсат қандай?
    – Негізгі мақсат – мемлекеттік қызметке қабылдау процесінің тиімділігін арттыру, ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ету. Онлайн формат кандидаттарға қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызмет жүйесін заманауи талаптарға сай дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл өзгерістер кәсіби әрі білікті кадрларды тартуға мүмкіндік береді.
    – Әңгімеңізге рақмет!

    Сұхбаттасқан – Құралбек Сәбитұлы

    Соңғы жаңалықтар

    Шаруалар еңбегі еселенді
    30.03.2026
    Визит орталығы ашылды
    30.03.2026
    Басты мақсат – ашықтықты қамтамасыз ету
    30.03.2026
    Табиғатқа жанашырлық – тәрбиеден!
    30.03.2026
    Заманауи спорт кешені
    30.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>