Перейти к содержимому

Жауынгерлік дайындықтары сынға түсті

13 қаралым

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен және Алматы облысы әкімінің қаулысына сәйкес, Райымбек ауданында Алматы облыстық аумақтық қорғаныс бригадасы барлау ротасының әскери міндеттемелері негізінде «Барлау – 2023» арнайы тактикалық оқу-жаттығуы өткізілуде.

Оған қатардағы жауынгерлер, сержанттар мен офицерлер құрамындағы әскери міндеттілер жұмылдырылған. Жалпы, 72 сарбаз оқу-жаттығуға қатысуда.

Оқу-жаттығуға №99220 әскери бөлімінің командирі, Алматы облысы аумақтық қорғаныс бригадасының командирі Бағлан Алтынбекұлы бастаған кәсіби әскери нұсқаушылар жетекшілік етті

Жауынгерлер бұрын алған теориялық білімдерін және практикалық шеберліктерін жаттығу барысында жан-жақты көрсете білді. Арнайы тактика, барлау, атыс сабақтарынан да сүрінгенбеуге тырысты. Сынақ тапсыру кезінде оң нәтижеге қол жеткізгендері сондықтан.

«Барлау – 2023» арнайы тактикалық оқу-жаттығу шарасы 15 тамызға дейін жалғасады.

Дастан Жаңасыл