⛅
12°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    БОЗДАҚТАР РУХЫНА МІНӘЖАТ

    07.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Тарих
    БОЗДАҚТАР РУХЫНА МІНӘЖАТ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

       Алатау қаласындағы 6654-әскери бөлімінде 31 жыл бұрын Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қақтығыста қаза болған қазақстандық жауынгерлерді еске алуға арналған жиын өтті. Іс-шараға Алатау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Бибігүл Шәйкенова, Тәжік-Ауған шекарасында әскери қақтығыстардағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлер одағы облыстық филиалының мүшелері, аталған әскери бөлімнің жеке құрамы мен ардагерлері, Өтеген батыр кентіндегі №38 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» және Түрген ауылы М.Ломоносов атындағы орта мектептің «Жас бүркіт» әскери-патриоттық сыныптарының шәкірттері қатысты.

    Еліміздің мемлекеттік Гимні шырқалған соң жиналған қауым Тәжік-Ауған шекарасында интернационалдық борышын атқару кезінде қаза тапқан қазақстандық 17 жауынгерге  қойылған ескерткішке гүл себеттерін қойып, боздақтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

    Жиында алғашқы сөз Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Кайрат Үмбетовке берілді. Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесінің қаулысына сәйкес 1993-1999 жылдар аралығында бұрынғы Ішкі әскердің, бүгінгі Ұлттық ұланның  жедел мақсаттағы әскери бөлімдерінің 2000-нан астам офицері мен сарбазы тәуелсіз мемлекеттер достастығының бірлескен батальоны құрамында Тәжік-Ауған шекарасында бітімгершілік міндеттерін орындаған.  1995 әскери қақтығыстың бірінде батылдықтың биік үлгісін көрсеткен 17 сарбаз қаза болып, 33-і жарақат алды. Оларды ұмытпау және ерліктерін ұрпаққа жеткізу – біздің борышымыз. Сондықтан 6654 әскери бөлімінде осындай еске алу шарасын өткізіп жатырмыз. Сол ұрыста мерт болған қазақстандық батальонның әрбір сарбазының ерлігі – еліміздің тарихында алтын әріппен жазылған маңызды бет, – деген Кайрат Жарылқасынұлы осы рәсімге  арнайы келген ардагерлерге алғыс айтты.

    Келесі кезекте Тәжік-Ауған шекара шебінде интернационалдық міндетін атқарған запастағы сержант Мұрат Канайұлы сөз алып, 1995 жылы 7 сәуірде Тәжікстан аумағындағы Пшихавр шатқалында өз ротасына тұтқиылдан шабуыл жасалғанын, сол ұрыста  ақтық демі қалғанша жанқиярлықпен шайқасып, жан тапсырған 17 қаруласының әскери антына адал болғаны өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті. Кейіннен бірнеше қанды көйлек жолдасының сол шайқастан алған жарақаты салдарынан қайтыс болғанын айтқан ардагер дәл сол күні болмаса да, осындай қақтығыстың боларын сезіп, соған іштей  дайындалып жүргендіктен, бұл қанды оқиғаның өздері үшін психологиялық тұрғыдан қиындық тудырмағанын тілге тиек етті.  Одан кейін сөз алған ҚР Ұлттық ұланның запастағы генерал-майоры Сағатбек Нұрахметов пен қатардағы жауынгер Сәбит ҚаҺарман 1995 жылы 7 сәуірде  жауынгерлік әрі азаматтық борышын соңына дейін адал орындаған қазақ халқының 17 даңқты ұлының  ерліктің  үлгісін көрсетіп, өз Отанының даңқын арттырғанын, олардың есімі ұрпақ жадында мәңгі қалатынын айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Алатау қаласы

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Әскери әдеп әспеттелді
    08.04.2026
    Көпшілік тыңдау өтті
    08.04.2026
    Құрылыс қарқынды
    08.04.2026
    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>