⛅
17°C
Қонаев
Сәрсенбі, Сәуір 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Көпшілік тыңдау өтті

    08.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәслихат
    Көпшілік тыңдау өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы «Alatau Hub» инновациялық орталығында облыстық мәслихаттың экономика, бюджет, құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және депутаттық этика мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының ұйымдастырумен көпшілік тыңдау өтті. Онда «Алматы облысы Бас жоспар» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттің 49 пайыздық үлесін жекешелендіру мәселесі қаралды.

    Көпшілік тыңдауды тұрақты комиссия төрағасы Махаббат Бигелдиев жүргізді. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, департаменттер мен басқарма басшылары қатысты. Аталған мәселе бойынша облыстық сәулет және қалақұрылысы басқармасының басшысы Болат Мұсылманбеков баяндама жасады.
    Болат Аманжолұлының айтуынша, аталған мекеме Алматы агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау шеңберінде облыс әкімдігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы №18 қаулысымен мемлекеттің 49% бақылаусыз қатысу үлесі бар «Алматы облысы Бас жоспар» ЖШС болып құрылған. Серіктестік Мемлекет басшысының сәулет, қала­құрылысы және құрылыс саласындағы цифрландыру мәселесі бойынша тапсырмаларын іске асыруға және орындауға бағытталған жұмыстар жүргізген.
    – «Алматы облысы Бас жоспар» ЖШС-ға 2024 жылғы дивидендтер бөлінбеді, өйткені 2025 жылы серіктестік жүзеге асыруы болжанған жұмыстарды қаржыландыру алынып тасталды. Биыл да бюджет қаражаты қарастырылмады. Бұл жағдай серіктестікті қаражат тапшылығына және ақшалай міндеттемелерді орындауда қиындыққа тіреді, – деді Болат Аманжолұлы
    Келесі кезекте бяндама жасаған облыстық қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова жекешелендіру барысының құқықтық нормалар шеңберінде, тиісті заң аясында жүзеге асатынын жеткізді.
    – Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 8 мамырдағы №542 Жарлығымен мемлекеттік органдарға тиісті активтерді бәсекелі ортаға беру тапсырылған болатын. Осы негізде сәулет және қалақұрылысы басқармасы тарапынан «Алматы облысы бас жоспар» ЖШС-дегі Алматы облысы әкімдігінің 49% қатысу үлесін жекешелендіру ұсынылуда. Жекешелендіру туралы шешім жария тыңдаулардың оң қорытындысы шыққаннан кейін жергілікті атқарушы орган тарапынан, қаулы қабылдау арқылы қабылданады. Сату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, тәуелсіз бағалау арқылы айқындалған нарықтық құн негізінде жүзеге асырылады», – деді Бибігүл Төкенқызы.
    Көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша «Алматы облысы бас жоспар» ЖШС жарғылық капиталындағы мемлекеттің 49 пайыздық үлесін жекешелендіру ісі қолдау тапты. Жиын соңында мәслихат депутаттары жекешелендіру мәселесінде мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын одан әрі арттыруға, халықты ақпараттандыру тетіктерін жетілдіруге баса назар аудару қажеттігін алға тартты.

    Ерзат АСЫЛ

    Соңғы жаңалықтар

    Әскери әдеп әспеттелді
    08.04.2026
    Көпшілік тыңдау өтті
    08.04.2026
    Құрылыс қарқынды
    08.04.2026
    Қазақстан мен Қырғызстан ТЖ саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
    08.04.2026
    Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
    08.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>