⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Сәуір 11, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қос қуаныш

    09.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

      Талғар ауданында су жаңа екі мектеп есігін айқара ашты. Бұл білім ошақтары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында салынған. Үш ауысымды оқыту жүйесін жою мақсатында өңірде дәл осындай 26 мектеп құрылысы жоспарланған. Оның 7-еуі осы Талғар ауданында бой көтерген. Бұл жолы Жалқамыс және Жібек жолы ауылдарында қос мектеп пайдалануға берілді. Екі білім ошағының да ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев қатысып, аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің құттықтауын жеткізді.

    «Біздің ең басты байлығымыз – өскелең ұрпақ. Сондықтан мемлекет тарапынан балалардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Қазіргі заманда білім – тек жеке адамның емес, тұтас ұлттың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі фактор. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Заманауи мектеп – білім беретін орын ғана емес, оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасайтын, шығармашылық пен сыни ойлауды қалыптастыратын маңызды орта», – деген болатын. Осы орайда, облыс бойынша үшауысымды оқыту мен оқушы орнының тапшылығын жою бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.  Оның ішінде Талғар ауданында 7 заманауи мектептің бой көтеруі – өңірдегі білім сапасын арттыруға бағытталған нақты қадам. Бұл нысандар елдімекендердегі тасымал мәселесін реттеп, балаларға тұрғылықты жерінде білім алуына мүмкіндік береді.

    Мұғалімнің мәртебесін арттыру және балаларға қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің тұрақты назарында. Еліміздің гүлденуі жолындағы игі істеріміз жалғаса береді, – деді Ғани Айдарұлы.

    Жалқамыс ауылындағы мектептің жалпы аумағы – 9000 шаршы метр. 600 орынды мектепте алдағы уақытта 900-ден астам оқушы екі ауысымда оқитын болады. Ал Жібек жолы ауылындағы мектеп 900 орынға шақталған. Жалпы аумағы – 10 мың шаршы метр. Екі нысан да ең озық технологиялармен, STEM-зертханалармен және инклюзивті құралдармен толық жабдықталған. Балалардың спортпен, шығармашылықпен айналысуына да барлық жағдай жасалған.

    Ауылдық жерде заманауи мектептің бой көтергеніне тұрғындар да дән риза. Олар балаларының сапалы білім алуына жағдай жасаған жандарға алғыс айтты.

    «Жалқамыс – менің туған ауылым. Балаларым осында білім алған, ал қазір немерелерім оқып жатыр. Сондықтан ауылымызда үлкен мектептің ашылғанына өте қуаныштымын. Оқушылар да бұл сәтті асыға күтті. Өйткені жаңа мектеп жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Роза Әділова.

    Жібек жолы ауылының тұрғыны Бауыржан Баймағұлов: «Осы ауылда тұрып жатқаныма 10 жылдан аса уақыт болды. Бүгін көптен күткен маңызды оқиғаға көзайым болдық. Енді балаларым заман талабына сай, жайлы әрі жаңа ғимаратта білім алады. Осы мектептен түлеп ұшқан әрбір шәкірт терең ілім үйреніп, болашақта елге қызмет ететін маманға айналады деп сенемін», – деген лебізін білдірді.

    Облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұмановтың айтуынша, өңірде барлығы 443 мектеп бар. Бұл білім ошақтарында 360 мыңнан астам оқушы білім алуда. Жыл соңына дейін «Келешек мектебі» бағдарламасы аясында тағы 9 мектеп пайдалануға беріледі. Одан бөлек биыл 9 білім ордасының құрылысы басталмақ. Осылайша жаңа мектептер өскелең ұрпақтың игілігіне қызмет етіп, болашақтарына берік іргетас қалайтын болады.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

     

    1 of 6
    - +

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    6.

    Соңғы жаңалықтар

    Депутаттарға арналған дәріс
    10.04.2026
    Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
    10.04.2026
    Солтүстік шақырады: қоныс аударушыларға қолдау көп
    10.04.2026
    Мұнай және жаһандық экономика
    10.04.2026
    Келелі мәселе көтерілді
    10.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>