⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    БАТЫР БАБАҒА АРНАЛДЫ

    13.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    БАТЫР БАБАҒА АРНАЛДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданы әкімдігінің мәжіліс залында ұлттық мұрамызды ұлықтап, өткенімізді зерделеп, тарихымызды тереңнен тануға бағытталған «Тарих – тағылым, музей – мұра» атты мазмұнды әрі рухани мәні зор кездесу өтті.

     Тағылымға толы шарада өткен пен бүгіннің сабақтастығы кеңінен сөз болып, ұлт жадындағы асыл құндылықтардың маңызы айқындалды.

    Кездесуге Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, Алматыдағы «Райымбек батыр» музей кешенінің жетекшісі Қайсар Бусбаев, қоғам қайраткері Рысбек Сәрсенбай, Алматы музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері Бақберген Тойшеев, жергілікті өлкетанушы Болат Сәрсенбай, Шыңғыс Тұрсынов, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Қуанышбек Төлепбердиев, мекеме басшылары қатысып, ой-пікірлерімен бөлісті.

    Кездесудің мақсаты – ұлттық тарихи-мәдени мұраны насихаттау және сақтау, музей қызметінің қоғамдағы маңызын арттыру, өскелең ұрпаққа туған өлкенің тарихын таныту, патриоттық тәрбие беру, «Райымбек батыр» музейінің қызметін таныстыру, атқарылған жұмыстар мен болашақ жоспарлар туралы ақпарат беру, қоғам мен музей арасындағы байланысты нығайту.

    – «Тарих – тағылым, музей – мұра» атты бұл кездесудің маңызы зор. Себебі музей – өткен мен бүгінді жалғайтын алтын көпір, ұлт жадының сақтаушысы. Ата-бабадан қалған асыл мұраны көздің қарашығындай сақтау, оны келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген музей қызметкерлерінің еңбегі ерекше құрметке лайық, – деген аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы іс-шараның маңыздылығына тоқталды.

    – Алматыда Райымбек бабаға арналған үлкен музей кешені салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып қалды. Музей аумағы – 800 шаршы метр. Онда әкімшлік, намазхана, дұға жасау орыны, интерактивті көрме қойылған экспозициялық залдар, мәдени алаңдар қарастырылған, – деген «Райымбек батыр» музей кешенінің жетекшісі Қайсар Ғалымжанұлы тарихи мұраны сақтау жолындағы маңызды жобаларға тоқталды.

    – Райымбек батыр туралы қандай да бір деректер, ел аузындағы аңыз-әңгімелер, сол заманның жәдігерлері болса, музейге өткізуге атсалыссаңыздар! – деді Алматы музейлер бірлестігінің аға ғылыми қызметкері Бақберген Тойшеев.

    Рысбек Сәрсенбай, Сабыр Досымбеков, Болат Сәрсенбай, Шыңғыс Тұрсынов «Райымбек бастауы», өңірдегі жер-су атаулары, аудан аумағындағы тарихи орындар туралы, Райымбек батырдың тұсында есімдері елге мәлім батырлардың есімдері ұмыт қалмай, ұлықталуы тиіс деген ойларымен бөлісіп, батыр бабаның жүріп өткен жорық жолдарына арнайы карта әзерлеуді ұсынды.

    –Кереге таулы киелі өңірімізге арнайы келіп келелі пікірлеріңізді ортаға салып, ой бөліскендеріңіз үшін аудан халқы атынан алғысымызды білдіремін! – деген Нұрбақыт Теңізбаев жиынды қорытындылап, алдағы уақытта Райымбек батыр туралы іс-шара жоспары бекітілетінін тілге тиек етіп, тиісті мекеме басшыларына арнайы тапсырма берді.

    Осылайша, ұлттық мұраны ұлықтап, тарихымызды тереңнен танып-білуге арналған тағылымды шараның берері көп болды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>