⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Сәуір 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН

    13.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарасай ауданына қарасты Мерей ауылының тұрғындары Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бір жылдығын атап өтті. Алғаш ашылғанда мұнда 65 зейнеткер болса, бүгінде олардың саны 135-ке жетіп отыр.

     Ғимарат кіреберісіндегі түрлі-түсті безендірулер, әсем әндер, кимешек киген әжелер, қолөнер көрмесі және берекелі дастарқан жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Жылы жүздесуден кейін Мәдениет үйінің акт залында мерекенің негізгі бөлімі жалғасты. Құрметті қонақтар қатарында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асыл Уаисов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Әдіс Сейдақматов және басқалар болды.

    Бұл орталық 2025 жылдың 16 сәуірінде мемлекеттің қолдауымен ашылып, зейнет жасындағы азаматтардың өмір сапасын арттыруға, оларды қоғамға бейімдеуге, физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға, сондай-ақ бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда «Бір терезе» қағидаты бойынша әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық, мәдени және құқықтық қызметтер көрсетіледі. Орталықта 11 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі: йога, вокал, еңбек терапиясы, шахмат, тоғызқұмалақ, тренажерлер, жүгіру жолдары, массаж креслолары және тағы басқалар қамтылған. Сонымен қатар психолог, әлеуметтік және медицина қызметкерлері де үлкен үлес қосуда. Мұның бәрі қарттардың өмір сапасын арттыруға ықпал етеді.

    Асыл Уаисов құттықтау сөзінде Мерей ауылындағы орталық ұжымы өз миссиясын сәтті орындап, қарттарға қамқорлық жасап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ облыстық белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Жәния Сақташеваға ерекше алғыс білдірді.

    Қарасай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов Шамалған және Мерей ауылдарындағы орталықтар Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің қолдауымен ашылғанын тілге тиек етті.

    Атқарылған жұмыстар туралы облыстық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекшісі Жәния Сақташева баяндап, бірқатар орталық қызметкерлеріне Алғыс хат табыстады.

    Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, ардақты ата-әжелер ән айтып, би билеп, цифрлық сауаттылық және басқа бағыттардағы жетістіктерін көрсетті. Олардың айтуынша, бұл орталық көптеген қарт адамның өмірін көркейтіп, мазмұнды әрі қызықты еткен. Қатарластарымен қарым-қатынас орнатуға, қабілеттерін дамытуға және өздерін қажет сезінуге мүмкіндік берген.

    Жәния Жүрсінқызының айтуынша, Қарасай ауданында 168 адам тіркеліп, оларға 200 мыңнан астам қызмет көрсетілген. Филиалда 15-тен астам қызметкер жұмыс істейді. Облыстық орталықта 26 қызмет түрі көрсетілсе, мұнда 11 қызмет ұсынылады. Сондай-ақ ол облыстық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы 2023 жылы Есік қаласында ашылғанын атап өтті. Қазіргі таңда оның тоғыз аудандық және екі қалалық филиалы бар. 2024 жылы Қонаев және Алатау қалаларында, сондай-ақ Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандарында бөлімшесі ашылса, 2025 жылы облыстың барлық ауданында іске қосылған. 2025 жылдың 1 қазанында орталықтың ұйымдастыруымен халықаралық деңгейдегі ауқымды форум өткен. Сол кезде шетелдік әріптестер 10-15 жылда атқарған жұмысты облыстық орталық екі жыл ішінде жүзеге асырғаны атап өтілді.

    – Біздің ауданда осындай орталықтың бар екеніне өте қуаныштымын, – дейді Елтай ауылының тұрғыны Нәзира Сүлейменова. – Алғашында йогамен айналыстым, кейін би үйірмесіне ауыстым. Жолдасым дене жаттығулары мен үстел ойындарын жақсы көреді. Осындай тамаша орталықты ашқандарға алғысымыз шексіз, – деді.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Әсерлі авиашоу
    13.04.2026
    Кәсіпкерлерге қолдау көп
    13.04.2026
    Ұлттың үнбайрағы
    13.04.2026
    Диқандар дала төсінде
    13.04.2026
    Америкалық блогер Алматы облысының туристік әлеуетіне тамсанды
    13.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>